Білім

Тек қана қазақ тілінде жүргізіледі!

Қазақ тілі қоғамның барлық саласында қолданылуына осы елдің әр азаматы мүдделі болуға тиіс. Әсіресе, мемлекеттік мекемелерде қызмет ететіндер мемлекеттік тілде іс жүргізуді мақсатым, міндетім деп есептеуі керек.

Іс қағаздарын дұрыс толтырып, құжаттарды сауатты жазу, яғни кеңсе ісін ана тілімізде жоғары дәрежеде жүргізу — біздің мәдениетіміздің көрсеткіші дер едім.

Темір аудандық әділет басқармасы іс-қағаздарын жүргізуді, мемлекеттік және басқа да мекемелермен, ұйымдармен хат алмасуды тек қана қазақ тілінде атқарып келеді. Мемлекеттік тілді насихаттауға байланысты семинар сабақтар өткізіліп, дәрістер оқылып, басылымдарға мақалалар жарияланып тұрады.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде» деген сөзі ел болашағына алаңдайтын әр адамның тұмарына айналуы керек деп ойлаймын. Және мемлекеттік қызметте жасайтын, мемлекетке қызмет ететін әр адам мемлекеттік тілді жетік білуге тиіс дер едім.

 А.ЕРЕКЕНОВ,

Темір ауданының әділет басқармасының басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button