Экономика

Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған ауыл шаруашылығы басым дақылдарының тізбесін және субсидиялау нормативтерін белгілеу туралы

 Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау, шығымдылықты және өсімдік шаруашылығы өнім сапасын жоғарлатуды көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандату, тыңайтқыштардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындарды арзандату мақсатында Қазақстан Респуликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің              2011 жылғы 4 наурыздағы №221 қаулысымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 8-тармағына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі осы қаулының  1-қосымшасына сәйкес;

басым ауыл шаруашылығы дақылдарын субсидиялау нормативтері осы қаулының  2-қосымшасына сәйкес;

отандық өндірушілер сатқан және отандық өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған субсидия нормативтері осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес;

отандық өндірілген гербицид жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 килограммына (литріне) арналған субсидия нормативтері осы қаулының 4- қосымшасына сәйкес белгіленсін.

шетелдік өндірісте өндірілген тыңайтқыштар мен гербицидтердің  1 тоннасына (килограмына, литріне) субсидия нормативтері  сатылған тыңайтқыштар мен гербицидтердің құнының 30% мөлшерінде белгіленсін.

2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Басқарманың ғаламтор – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 4 мамырдағы №147 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған ауыл шаруашылығы дақылдардың тізімін және субсидиялаудың нормативтерін анықтау туралы» (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3396 тіркелген, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде 2012 жылғы 31 мамырда №70-71 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Тағымовқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі А.МҰХАМБЕТОВ.

 

Облыс әкімдігінің 2013 жылғы

«___»_________№ ____ қаулысына

1-қосымша

 

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі

№ р/н Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
1 Дәнді дақылдар және дәнді-бұршақты дақылдар
1.1 Дәнді дақылдар (дәндік жүгеріден, қатты бидайдан, дәнді – бұршақты дақылдардан басқа) субсидиялардың базалық нормасы бойынша
1.2 Дәнді дақылдар (дәндік жүгеріден, қатты бидайдан, дәнді – бұршақты  дақылдардан басқа) аймақтық ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтай отырып өсірілген
1.3 Жаздық дәнді (қатты бидай), дәнді – бұршақты дақылдар, күздік дәнді дақылдар  дәстүрлі технологиямен өндірілген (субсидиялардың базалық нормасы) бойынша
2 Майлы дақылдар
3 Картоп
3.1 Суару жүйелерін қолдану арқылы дәстүрлі технологиямен өндірілетін картоп
3.2 Тамшылатып суару жүйелерін қолдана отырып өнеркәсіп үлгіде өндірілетін картоп
4 Көкөніс және бақша
4.1 Суару жүйелерін қолдану арқылы дәстүрлі технологиямен өндірілетін көкөніс және бақша өнімдері
4.2 Тамшылатып суару жүйелерін қолдана отырып өнеркәсіп үлгіде өндірілетін көкөніс
4.3 Жабық алаңдағы, оңайлатылған үлгідегі жылыжайларда өсірілетін көкөністер (1 дақыл  айналымы) (га)
4.4 Жабық алаңдағы, өндірістік үлгідегі жылыжайларда өсірілетін көкөністер (1 дақыл  айналымы) (га)
5 Жемшөптік  дақылдар
5.1 Осы қосымшаның 5.2 тармағынан басқа егістікте өндірілетін бір жылдық және көп жылдық жемшөптік дақылдары
5.2 Егістікте өндірілетін бірінші, екінші және үшінші жылдарға  көп жылдық бұршақ тектес шөптер
5.3 Шабындық жерлерді жақсарту мақсатында егілген көп жылдық шөптер бойынша  (тек қана ескі көп жылдық шөп егістігін жырту ескеріледі)
5.4 Суару жүйелерін қолдану арқылы өндірілетін жем-шөптік дақылдар

 

Облыс әкімдігінің 2013 жылғы

«___»_________№ ____ қаулысына

2-қосымша

 

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының  субсидия нормативтері

 

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының

атауы

1 гектарға арналған субсидиялар нормасы,

теңге

1. Дәнді дақылдар және дәнді-бұршақты дақылдар  
1.1 Дәнді дақылдар (дәндік жүгеріден, қатты бидайдан, дәнді-бұршақты дақылдардан басқа) субсидиялардың базалық нормасы бойынша 450
1.2 Дәнді дақылдар (дәндік жүгеріден, қатты бидайдан, дәнді-бұршақты  дақылдардан басқа) аймақтық ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтай отырып өсірілген 700
1.3 Жаздық дәнді (қатты бидай), дәнді-бұршақты дақылдар, күздік дәнді дақылдар  дәстүрлі технологиямен өндірілген (субсидиялардың базалық нормасы) бойынша 500
2 Майлы дақылдар 2 000
3 Картоп  
3.1 Суару жүйелерін қолдану арқылы дәстүрлі технологиямен өндірілетін картоп 30 000
3.2 Тамшылатып суару жүйелерін қолдана отырып өнеркәсіп үлгіде өндірілетін картоп 40 000
4 Көкөніс және бақша  
4.1 Суару жүйелерін қолдану арқылы дәстүрлі технологиямен өндірілетін көкөніс және бақша өнімдері 30 000
4.2 Тамшылатып суару жүйелерін қолдана отырып өнеркәсіп үлгіде өндірілетін көкөніс 40 000
4.3 Жабық алаңдағы, оңайлатылған үлгідегі жылыжайларда өсірілетін көкөністер (1 дақыл  айналымы) (га) 1 000 000
4.4 Жабық алаңдағы, өндірістік үлгідегі жылыжайларда өсірілетін көкөністер (1 дақыл  айналымы) (га) 1 500 000
5 Жемшөптік  дақылдар  
5.1 Осы қосымшаның 5.2 тармағынан басқа егістікте өндірілетін бір жылдық және көп жылдық жемшөптік дақылдары 2 400
5.2 Егістікте өндірілетін бірінші, екінші және үшінші жылдарға  көп жылдық бұршақ тектес шөптер 1 000
5.3 Шабындық жерлерді жақсарту мақсатында егілген көп жылдық шөптер бойынша  (тек қана ескі көп жылдық шөп егістігін жырту ескеріледі) 2 400
5.4 Суару жүйелерін қолдану арқылы өндірілетін жем-шөптік дақылдар 20 000

 

Облыс әкімдігінің 2013 жылғы

  «___»______№ ____ қаулысына

3-қосымша

 

Отандық өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидия нормативтері

 

Тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлері Бірлігінің өлшемі Бір бірлігінің құнын арзандату пайызы

 

Бір бірлігіне арналған субсидия норматив-тері, теңге
1 Аммофос (N-10%:P2О5-46%) тонна 50 45000
2 Қарапайлық суперфосфат

(P2О5-19%)

тонна 50 24500
3 Сульфоаммофос

(N-18%: P2О5-18%: S-17%)

тонна 50 34250
4 Аммиак селитрасы (N-34,4%) тонна 50 28900
5 Фосфоритті ұн (P2О5-17%), қапшықта тонна 50 5300
Фосфоритті ұн (P2О5-17%),бос тиеу тонна 50 4750
6 Хлорлы калий (К2О-42%;KCL-65%) тонна 50 32500
7 Күкірт қышқылды калий

(калий сульфаты) (К2О-53%)

тонна 50 77500
8 «В» маркалы суперфосфат

(P2О5-15%)

тонна 50 21281
9 «Б» маркалы «МЭРС» шағын тыңайтқышы литр 50 6000
10 «Биобарс» биотыңайтқышы

( N-10%; Р2О5-3,3% К2О-10%;

СаО-0,3%; Fe2O3-0,3%)

литр 50 2500
11 Байытылған суперфосфат

(P2О5-21,5%)

тонна 50 17000

Облыс әкімдігінің 2013 жылғы

«___»_________№ ____ қаулысына

4-қосымша

Гербицид жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 килограмына (литріне) арналған субсидия нормативтері

Тыңайтқыштардың

субсидияланатын түрлері

Бірлігінің өлшемі 1 килограмм, литр гербицидтің құнын арзандату пайызы,  дейін Сатып алынған гербицидтердің             1 килограммына (литріне) субсидиялар нормалары, теңге
1 Авецид супер,12% эмульсия концентраты (феноксапроп-п-этил, 120 г/л+фенклоразол-этил (антидот), 60 г/л) литр 50 1400
2 Буран, 36%  су ерітіндісі

(глифосат, 360 г/л)

литр 50 450
3 Барс супер, 10%  эмульсия концентраты (феноксапроп-п-этил, 100 г/л+мефенпир-диэтил (антидот), 27 г/л литр 50 1400
4 Баргузин, сулы диспенгирлендірілетін түйіршектер (метрибузин, 700 г/л) килограмм 50 3250
5 Беллисимо, майлы-сулы эмульсиясы (феноксапроп-п-этил, 140 г/л+клоквинтоцет-мексил 50 г/л) литр 50 1800
6 Вулкан, 60%  сулы диспенгирлендірілетін түйіршектер (метсульфурон-метил 600 г/кг) килограмм 50 11250
7 Глифосат, 48% су ерітіндісі

(глифосат, 360 г/л)

литр 50 425
8 Гроза, 60% эмульсия концентраты литр 50 575
9 Диамин,72%  су ерітіндісі

(диметиламин тұзы 2,4-Д)

литр 50 400
10 Дезормон эфир, 72%  эмульсия концентраты (2-этилгексил эфирі 2,4 дихлорфеноксиуксус қышқылы) литр 50 580
11 Диален – Супер, 480 су ерітіндісі (диметиламин тұзы 2,4-Д,

357 г/л+дикамбалар, 124 г/л)

литр 50 825
12 Жойқын,  су ерітіндісі

(глифосат 360 г/л)

литр 50 450
13 Жойқын Дара, 75% сулы диспенгирлендірілетін түйіршектер ( глифосат 747 г/кг) килограмм 50 850
14 Зенит, коллоидтык концентрат еріткісі  (2-этиленгексил эфирі,

2,4-Д қышқылы, 950г/л)

литр 50 750
15 Клиник, 36%  су ерітіндісі. (глифосат, 360 г/л) литр 50 490
16 Кугар Форте, эмульсия концентраты (феноксапроп-п-этил, 140 г/л+клоквинтоцет-мексил, 40 г/л) литр 50 1700
17 Напалм, су ерітіндісі

(глифосат, 540 г/л)

литр 50 775
18 Рап,  су ерітіндісі

(глифосат 360 г/л)

литр 50 565
19 Рамон,  супер эмульсия концентраты

(галоксифоп-Р-метил104 г/л)

литр 50 1750
20 Раундап Экстра, 54%  су ерітіндісі (глифосат, 540 г/л) литр 50 825
21 Робусто, эмульсия концентраты

(2,4-Д қышқылы  2-этилгексил эфирі 450 г/л)

литр 50 675
22 Рысь Супер, 10%  эмульсия концентраты (феноксапроп-п-этил, 100 г/л+фенклоразол-этил (антидот), 50 г/л литр 50 1500
23 Питон гранд, сулы диспенгирлендірілетін түйіршектер (клопиралид, 750 г/л) килограмм 50 8500
24 Спрут Экстра  су ерітіндісі (глифосат, 540 г/л) литр 50 750
25 Тапир, су концентраты

(имазетапир 100 г/л)

литр 50 1500
26 Топик 080, эмульсия концентраты (клодинафоп-пропаргил, 80 г/л+антидот, 20 г/л) литр 50 2375
27 Овсюген Экстра эмульсия концентраты (феноксапроп-п-этил, 140 г/л+фенклоразол-этил (антидот), 35 г/л литр 50 1850
28 Ураган Форте 500, су ерітіндісі (глифосат, 500 г/л) литр 50 785
29 Фенизан, су ерітіндісі (қышқыл дикамбасы, 360 г/л қышқыл хлорсульфурон 22,2 г/л) литр 50 1650
30 Чероки, 75 % сулы диспенгирлендірілетін түйіршектер (тифенсульфурон-метил, 750 г/л) килограмм 50 12500
31 Элант Премиум,  эмульсия концентраты (2-этиленгексилдік эфирі 2,4-Д қышқылы, 420 г/л+2-этилгексил эфирі, қышқыл дикамбасы, 60г/л) литр 50 825
32 Элант, (2-этиленгексилдік эфирі

2,4-Д қышқылы, 564 г/л)

литр 50 637,5
33 Эскадрон, эмульсия концентраты

(2-этиленгексилдік эфирі 2,4-Д қышқылы, 850 г/л)

литр 50 675
34 Радар 60%с.п.

(метсульфуранметил, 600г/кг)

литр 50 7500

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button