Білім

Көңілді «алақай»

Жазғы демалыс басталысымен әр ата-ана өз баласының демалысын тиімді  және көңілді өткізуге тырысады. Біздің мектепте белсенді ата-аналардың көмегімен «Алақай» жазғы демалыс лагері ұйымдастырылды. Біздің мектеп — Ақтөбе қаласының №51 гимназиясы жанынан ашылған лагерь 90 баланы қамтыды.

Халықаралық балаларды қорғау күні салтанатты түрде ашылған лагерьдің әр күні  балалардың көңілінен шығып, қызықты шаралар ұйымдастырылуда. Таңертеңгі жаттығудан бастап әр түрлі қызықты ойындар балаларға қатты ұнайды. Бес топқа бөлінген балалардың жас  ерекшеліктері әр түрлі болғанымен, бір-біріне деген қамқорлық сезімі қалыптасып, бәрі де достасып үлгерді.

Күн сайын түрлі  байқауларға әр топ үміткерлерін таңдап шығарып, бәрі бірі үшін, бірі бәрі үшін аса қызығушылықпен қатысады. Мәселен, «Жігіт  сұлтаны» байқауында «Айгөлек» тобынан Қуаныш Олжабай бас жүлдені иемденіп, тобының  намысын қорғап шықса, «Арай» тобынан Ерсұлтан Жұмалин өнерімен «Көрермен  көзайымы» номинациясына  ие  болды.

«Алақай  аруы» байқауында да «Айгөлек» тобынан Лиана Нұртаева бас жүлдеге,  «Атамекен» тобынан Әсем Хайруллина бірінші орынға  ие болды. «Достық»  тобынан  қатысқан Аяжан Қайратқызы күй тартып беріп,  екінші орын алды.

«Толағай», «Көңілді старт» сияқты спорттық  сайыстар, сурет  байқауы және шахмат, би, вокал, ағылшын тілі үйірмелері жұмыс жасап, балалар бәріне де қызығушылықпен қатысып жатыр. Ата-аналар еңбектері зор тәлімгерлер мен  тәрбиешілерге разы.

Назгүл Қожалепесова,

лагерь басшысы.    

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button