Экономика

Мемлекеттік басқару моделінің маңызды түйіндері

 

Елеусін САҒЫНДЫҚОВ,

ҚР Парламенті Сенатының депутаты

 

Өз кезінде ұлттық экономиканың дағдарыстарын бастан өткерген әлемнің көптеген мемлекеттері ұзақ мерзімді дамудың басымдықтарын нақты айқындай отырып, жалпы ұлттық стратегияны жасап, оны табысты түрде жеңіп шықты. Осындай жолды ұстанымның нәтижесінде Қазақстан да қысқа тарихи мерзім ішінде экономикалық өрлеу жолына шықты.  

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына желтоқсан Жолдауында: «15  жыл ішінде қазақстандықтардың табысы 16 есе өсті» деп атап көрсетті. Шындығында да, атап көрсетілгендей, қысқа уақыт аралығында әлемнің бірде-бір елінде мұндай жағдай орын алған емес.

Бүгінгі күні республикамыз әлемдегі неғұрлым серпінді даму үстіндегі мемлекеттердің бестігіне енді. Еліміздің экономикалық табыстары туралы мысалы, республиканы Орта Азиядағы ең өркендеуші ел деп атаған британдық The Legation Institute талдау орталығының зерттеулері нәтижелері куәландырады. Бұған азаматтардың әл-ауқатының жоғары деңгейімен тәуелсіз, саяси тұрақты және табысты мемлекет құруға мүмкіндік берген осыдан 15 жыл бұрын қабылданған «Қазақстан-2030» Стратегиясында анықталған стратегиялық жоспарлаудың құралдарының мемлекеттік басқару практикасында қолданылуы сөзсіз мүмкіндік берді. 

Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде Қазақстан қол жеткізген табыстардың бәрі — Қазақстан Президенті дер кезінде негіздеген және халыққа жас тәуелсіз мемлекеттің дамуының жалпы идеологиясы ретінде жеткізілген мақсаттарды жүзеге асырудың табысты мысалы, әсерлі ұмтылысы болды. Көшбасшының еңбегі — заманауи басқарушылық ғылымның жетістіктерін дер кезінде пайдалана білуінде. Бәрінен бұрын стратегиялық жоспарлау мен болжамдаудың құралдары мемлекеттік басқару саласында табысты түрде іске қосылды. Бүгінгі күні осындай мүмкіндіктерді дамытуға, жаңа шамшыл мақсаттарға қол жеткізуде оның рөлі мен мәнін санадан өткізуге ерекше назар аударылуының да себебі содан.   

Ақиқаттың өлшемі, белгілі болып отырғанындай, практика болып табылады. Қазіргі заманғы мемлекеттердің тәжірибесін талдау мемлекеттік жоспарлаудың және табысты пайдаланылуының дамыған елдердің көпшілігінде — Францияда, Жапонияда, АҚШ-та, Германияда, Финляндияда және басқаларында орын алып отырғанын дәлелдейді.

Мысалы, Францияда мемлекеттік жоспарлау жүйесі 1946 жылдың өзінде шешімін тапты. Оның негізінде формасы жағынан ұсыныстық жасау сипатына ие, ал мазмұны бойынша болжамдық трендтерге негізделген экономика дамуының индикаторлары жиынтығын білдіретін индикативтік жоспарлау жатыр.

Жалпыұлттық мақсаттарға жетуге экономика буындарының бағдарлаушы және жүзеге асырушы мемлекеттік бағдарламаларының жиынтығын білдіретін экономика дамуының стратегиялық жоспарын жасау соңғы уақыттары ілгері басқан мемлекетте елеулі орын алады.  

Мұндай жоспар-бағдарламалар, біріншіден, ұлттық экономиканы дамытудың неғұрлым мүмкін болатын жолдары туралы ұғым береді. Екіншіден, үкімет пен іскерлік топтар елдің ішінде және одан тыс жерлерде бетпе-бет келуі мүмкін проблемаларды көрсетіп береді. Үшіншіден, осы проблемаларды шешу бойынша ұсыныстарды негіздейді.  

Тұтастай алғанда батыстың ғалым-экономистері мен әлеуметтанушылары жоспарлаудың талдамалық, оңтайлы, нормативті, тағы да басқа оннан астам әрқилы түрлерін дайындады. Алайда мынаны атап өтуіміз қажет: көрініс беруінің барлық формасындағы мемлекеттік жоспарлаудың қолданыстағы жүйелері дамыған елдерде де ұдайы жетілдіріліп отырылады. Әлемдік шаруашылықтың жаһандануы және экономикалық дағдарыстардың туындауы кезеңінің қысқаруы жағдайында мемлекеттік жоспарлаудың көп есе өсетіндігі туралы пікірді біз бөлісеміз. Ал оның нәтижелілігі көп ретте әлемдегі және елдегі болып жатқан өзгерістерге сайма-сай қозғалыс жасауға қабілетті тиісінше жоспарлы жүйені құрылымдауға қатысты. Ол сондай-ақ ұлттық экономиканың барлық деңгейдегі жоспарлы шешімдерін жобалаушылар мен жүзеге асырушылардың кәсібилігіне де тәуелді. Сондықтан да шетелдердің тәжірибесі мен отандық практика бұл саладағы құрамдық кадрларды даярлауға ерекше назар аударуды қажет етеді.         

Менің пайымдауымша, мемлекеттік реттеу және мемлекеттік жоспарлау ұғымдарын айыра білу маңызды. Мемлекеттік реттеу — бұл негізінен мемлекеттің бизнеске және әлеуметтік салаға ықпал ету механизмдері мен тетіктері. Өзінің барлық көріністеріндегі мемлекеттік жоспарлау — бұл сыртқы және ішкі ортаны терең талдау негізінде таяудағы және неғұрлым алыс болашақтағы ұлттық экономиканы көре білу.   

Қазақстанда стратегиялық жоспарлау еліміздің 2030 жылға дейінгі бірінші ұзақ мерзімді даму Стратегиясы қабылданған тұста, 1997 жылдан пайдаланыла бастады. Бүгінгі күні оның тетіктерін қолдану практикасы атқарушы биліктің барлық деңгейінде кеңінен қолданыс табуда. Стратегиялық негізде мемлекеттік басқаруға ғылыми ұстаным мысалын Мемлекет басшысының өзі көрсетуде. Мәселен, Қазақстан халқына Президенттің жыл сайынғы Жолдауы практикасы өркениетті саяси дәстүрге айналды. Басқа бағдарламалық құжаттар жүйесінде ерекше орынға ие бола отырып, олар сөзсіз мемлекеттік стратегиялық жоспарлау мен басқарудың тиімді тетіктеріне жатады.    

Талдау көрсетіп отырғанындай, Мемлекет басшысының барлық Жолдаулары қандай да бір дәрежеде өзгерісті ақиқаттарды, жаңа ұстанымдар мен болжамды перспективаларды ескере отырып, «Қазақстан-2030» Стратегиясының жалпы мақсаттарына негізделген міндеттерді бейнелейді.

Әрине, Қазақстанда мемлекеттік жоспарлау жүйесін құру жолында, басқа да кез келген істердегідей, бағдарламалық құжаттардың көптігін, мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің айырымы, құжаттардың тиімділігін бағалаудың механизмінің болмауы, бағдарламаларды жүзеге асыру мерзімінің шашыраңқылығы, мақсаттардың, міндеттердің, шаралардың, нәтижелердің, мемлекеттің бюджеттік шығындарының, мемлекет қаржысын тиімді басқарудың, т.б. үйлесімді байланысы болмауы секілді белгілі бір ауқымдағы күрделіліктер мен жетіспестіктер болды.  

Сондықтан да бүгінгі күні мемлекеттік жоспарлау жүйесін жаңғырту жүйесі жүзеге асырылуда. Оның үстіне, бұрынғы КСРО елдерінің ешқайсысында да әзірге нарықты экономика жағдайында мұндай жүйе құрылмағаны байқалады. Осылайша шетелдік тәжірибемен қатар алға жылжу үшін біз жаңа уақыттың ауқымды міндеттерін ескере отырып, өз тәжірибемізді де сараптаудан өткізіп, пайдалануды ескеруміз қажет.  

Бүгінгі күні нақ «Қазақстан-2030» Стратегиясының табысты орындалуы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа қалыптасып үлгерген мемлекетте ұлттың жаңа ұзақ мерзімді саяси бағытын айқындауға мүмкіндік берді.  

Инновациялық Қазақстанды дамыту моделінің принципті тұрғыдан жаңашылдығы мынада: жария етіліп отырған амбициозды мақсаттар саяси бренд қана емес, сонымен қатар біздің міндеттерімізді жүзеге асыруға қатысқысы келетін әлеуетті әріптестер үшін өз ретіндегі маркетингтік ақпараттар да болып табылады.

Бірінші кезекте бұл, міндеті жаһандық экономика жобаларын қаржыландыруға қатысу болып табылатын халықаралық қаржы институттарына қатысты. Негізінде олардың көпшілігі  (Бүкіләлемдік банк, АБР, ЕБРР және басқалары) көптен бері және өздері үшін де, әріптестеріне де пайдамен стратегиялық жоспарлау және болжамдау тетіктерін қолданып келеді.

Дүниежүзілік сауда ұйымына ену, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерімен ынтымақтастықты кеңейту, Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік ұстанымдарын бекіту — мұның барлығы да «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру мүддесіне тиімді пайдаланыла алады. Алайда жаңа бағыттың практикалық жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін ішкі факторларды жандандыра түсудің маңызын да төмендетуге болмайды.   

Қазақстан Үкіметі қазірдің өзінде көптеген стратегиялық бағдарламаларды жасап, табысты түрде іске асыруда. Осындай тәжірибелер салалық министрліктерде, даму институттарында, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік сектор кәсіпорындарында жинақталды. Бұл игіліктерді тиімді пайдалану қажет. Бүгінгі күні қазақстандықтар ғана емес, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтар өкілдері де біздің республикамыздың әлемнің 30 гүлденген мемлекетінің қатарына жуық арада еніп, Орталық Азия аймағында көшбасшылық ұстанымын сақтайтындығына күмәнданбайды. Бұл — ақиқат, себебі бізде қазірдің өзінде стратегиялық жоспарлау негізінде мақсатқа жетудің өзіндік тәжірибеміз жеткілікті.       

Кез келген ұзақ мерзімді жоспар секілді, жаңа Стратегия да оны толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әртүрлі ресурстар мен күштердің белгілі бір әлеуетін қалыптастыруды талап етеді. Қалыптасқан мемлекет үшін бұл талаптар жаңа, енді ғана құрылған тәуелсіз мемлекетке қарағанда, тіпті мейлінше қатаң болуы да мүмкін. Осыған байланысты жаңа стратегияны жүзеге асыруды заңдылық қамтамасыз ету, мемлекеттік жоспарлау туралы қолданыстағы заңнамаларға қажетті өзгерістер мен қосымшаларды қабылдау мәні елеулі түрде арта түседі. Бұл түзетулер қоғамда өтіп жатқан процестерді толық көлемде бейнелеуі, жаңа ғылыми жетістіктерге негізделуі тиіс.     

Парламентке түсетін нормативті актілер жобаларын алдын ала ғылыми талдаусыз мұндай ауқымды жұмысты ұсынудың өзі қиын болар еді.

Мынаны атап көрсеткім келеді, ғылыми сүйемелдеу — бұл заңдардың дайын жобаларына сараптама жасау ғана емес. Бұл, сондай-ақ заң шығарушылық процесіне қатысуға ғылыми қауымдастық өкілдерін белсенді түрде тарту да. Оның үстіне сөз Қазақстан ТМД елдері арасында көш бастаушы ретінде көрінген мемлекеттік стратегиялық жоспарлаудың жүйесін құру және жаңғырту ретіндегі іргелі заңнамалық актілер туралы болып отыр.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесін құрған сәттен бастап соншалықты көп уақыт өте қойған жоқ, сондықтан да онда әлі де ескеретін жайлар болуы ақиқат нәрсе. Мәселен, стратегиялық, бағдарламалық, аймақтық және басқа құжаттарды жасау бойынша өкілеттік республиканың бірқатар заңнамалық актілерінде жетекшілік ететін салалардағы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға бекітілген. Ақтөбе облысының әкімі болған кезімдегі жұмыс тәжірибемнен білетінім, практикада бұл бағдарламалық құжаттардың санының көбеюіне, олардың мемлекеттік жоспарлаудың бекітілген жүйесінің бірыңғай принциптеріне сәйкессіздігіне әкеледі.    

Мемлекеттік жоспарлаудың құжаттарын жасауға бір түрдегі талаптарды қолдану мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін көтеруге жағдай жасайды және жалпы ішкі өнім қозғалысына оң әсерін тигізеді. 

Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне  оларды Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкестікке келтіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заң жобасы Парламент талқылауына берілді. Ол нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу, бағдарламалық құжаттарды мемлекеттік органдардың дайындауы бойынша нормативтік-құқықтық талаптардағы елеулі қарама-қайшылықтарды жоюды көздеп, ондаған заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді көздейді. Практикада бұл мемлекеттік жоспарлаудың бекітілген жүйесіне сәйкес жергілікті мемлекеттік органдардың айқын өкілеттіктерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Жаңа заңның қабылдануымен байланысты аймақтық бағдарламалардың біраз мөлшері, сондай-ақ практикада пайдаланылмайтын және ұғымдық бекітілімі жоқ құжаттарды жасау бойынша жұмыс істемейтін нормалар қысқартылатын болады. Аудандық (облыстық мәндегі қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларын жасау өзгертіледі. Осылайша, саннан шығарылатын бағдарламалық құжаттар ауқымы бірнеше мың құрайды, соған сәйкес орталық және жергілікті органдардың есептілігі де қысқарады.

Мемлекеттік жоспарлаудың тиімді жүйесін құру жақсы заңдардың қабылдануымен шектелмейді. Мемлекеттік басқарудың әрбір деңгейінде дайындықтан өткен кадрлардың болуы қажеттілік. Осыған байланысты Мемлекет басшысы «Стратегиялық жоспарлау бойынша жұмыстарды күшейту маңызды» деп атап көрсетті. Оның ішінде Стратегиялық жоспарлау бойынша ұлттық агенттік құру жолымен де бұл мәселені қарау мүмкін болар еді. Мұндай құрылымдар мемлекеттік басқару жүйесінде стратегиялық жоспарлау құралдарына сүйенетін барлық елдерде бар. Осыған байланысты агенттік құру маңызды және көкейкесті міндет деп санаймын.  

Айтылған факторларды жинақтай келсек, олар сөз жоқ, негізінде стратегиялық жоспарлау тетіктері болатын мемлекеттік жоспарлау жүйесіне тірек жасай отырып, қазіргі заманғы басқарушылық технология мемлекеттік қызметінің жаңа концепциясында неғұрлым тиімді қолдануға жол ашатын болады. Мұның барлығы еліміздің адами және ресурстық әлеуетін жандандыра түсуге бағыт ұстай отырып, біздің мемлекетімізге «Қазақстан-2050» Стратегиясы ауқымды мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button