Экономика

Үш айдың үлесі қандай?

 

Статистика

 

Облысымыздың 2013 жылғы қаңтар-наурызда әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

Ағымдағы жылғы қаңтар-наурызда облыстың экономикалық жағдайы өнеркәсіп өндірісінің, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің, негізгі капиталға салынған инвестицияның,  құрылыс жұмыстарының, жолаушылар мен жүк тасымалдауларының, бөлшек сауда айналымының,  байланыс қызметінің өсуімен айқындалып отыр. Сондай-ақ тұтыну бағаларының өсім қарқындары да азайды.

Өнеркәсіп өсімі

Облыстың өнеркәсіп өндірісінде биылғы жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өнімі көлемі 327,5 миллиард теңге болып, нақты көлем индексі 107,8 пайызды құрады.

Өнеркәсіптің барлық салаларында оң серпін сақталып отыр: 

кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласы — 112,9 пайыз;

өңдеу өнеркәсібі — 107,5 пайыз;

электрмен қамтамасыз ету, газ, бу жіберу және ауаны баптау саласы — 100 пайыз;

сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау — 123,5 пайыз.

Облыстың нақты көлем индексі республикалық көрсеткіштерден 5,9 пайыздық пунктке жоғары.

Өнеркәсіп өнімі түрлері ішінде ілеспелі мұнай газы — 10,5 пайызға, мыс рудалары — 21,8 пайызға, хром рудалары — 5,3 пайызға, хром концентраттары — 24,4 пайызға,  ет — 56,2 пайызға, шұжық өнімдері — 86,3 пайызға, басқа әдіспен дайындалған және консервіленген балық — 77,8 пайызға, сүт — 41,4 пайызға, басқа да сүт өнімдері 5,9 есеге, нан — 26,2 пайызға, макарон өнімдері — 51,9 пайызға, силикат және қоқыстан жасалған кірпіш — 80,7 пайызға, бетоннан жасалған жинақтаулы құрылыс  құрамалары — 88 пайызға, электр энергиясы 3 пайызға өсті.

Ауыл шаруашылығы

2012 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 17,6 миллиард теңге  құрап, 2012 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 5,3 пайызға кеміді.

2013 жылғы 1 сәуірге облыстың барлық санаттарында жедел мәліметтер бойынша 398,9 мың мүйізді ірі қара мал, 46 мың шошқа, 1038,7 мың қой мен ешкі, 73,9 мың жылқы, 1187,4 мың құс болды. Барлық мал басының кемігені белгіленді, оның ішінде мүйізді ірі қара мал  — 22,8 пайызға, қой мен ешкі — 19,1 пайызға, шошқа — 60,9 пайызға, жылқы — 5,3 пайызға, құс  17 пайызға азайды.

Шаруашылықтың барлық санаттарындағы өнімнің негізгі түрлерінің өндірісін төмендегі мәліметтер сипаттап отыр:

·        барлық өткізілген мал басы мен құстың тірілей салмағы 27 мың тонна немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 96,4 пайыз ;

·        сүттің жаппай сауылымы 47,2 мың тонна құрады (87,6 пайыз);

·        алынған  тауық жұмыртқаларының саны — 39,7 млн. дана (91,8 пайыз).

Құрылыстың қарқыны

2012 жылғы қаңтар-наурызда меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдар негізгі капиталға 60,2 миллиард теңге игерді, 2012 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда нақты көлем индексі 116,1 пайыз  құрады.

«Құрылыс» қызмет түрі бойынша орындалған жұмыс көлемі биылғы жылғы қаңтар-наурызда 13,4 миллиард теңге құрады немесе 2012 жылғы қаңтар-наурыз деңгейіне қарағанда 101,2 пайыз болды.

Биылғы үш айда енгізілген тұрғын үйдің жалпы көлемі — 74,4 мың шаршы метр, бұл 2012 жылғы қаңтар-наурыз деңгейімен салыстырғанда 108,2 пайызды құрап отыр. Халықтың жеке қаржысымен 22 мың шаршы метр құрылыс салынды, бұл — жалпы пайдалануға берілген көлемнің 29,5 пайызы. Алайда,  өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда халық қаржысымен қоса пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 45,8 пайызға төмендеді.

2012 жылғы қаңтар-наурызда 194 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның ішінде 181 тұрғын үй бар және 13-і тұрғын үй емес бағыттағылар. Алты амбулаторлы-поликлиникалық мекемелер мен бір мектепке дейінгі мекеме салынды.

Тасымал ұлғайды

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында облыстың автомобиль көлігімен 13,1 миллион тонна жүк тасымалданды, бұл  2012 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 6,1 пайызға жоғары, жүк айналымы 16,3 пайызға өсті.

Жолаушылар айналымы тұрақты өсімге бет бұрды, бұл автомобиль көлігіндегі жолаушылар ағымының өсуіне байланысты болып отыр. 2012 жылғы қаңтар-наурызда облыстың жолаушылар айналымы 10,9 пайызға, оның ішінде автобустармен — 10 пайызға, таксимен — 15,5 пайызға өсті. 56,7 миллион адам тасымалданды, бұл — 2012 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 9 пайызға көп.

Сауда. Тұтыну

2012 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек сауда айналымының көлемі 11,9 пайыздан асып кетті және 65,2 миллиард теңгеден сәл жоғары болды. Сауда жасайтын ұйымдар арқылы бөлшек сауданың жалпы айналымынан 51,7 пайызға тауарлар өткізілді.

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар үлесі бөлшек сауда айналымының жалпы көлемінде 43,3 пайыз, азық-түлік емес түрлер бойынша 56,7 пайыз құрады. Азық-түлік тауарларын өткізу көлемі 2012 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 0,5 пайызға кеміді, азық-түлік емес тауарлар 0,59 пайызға өсті.

Биылғы жылғы қаңтар-наурызда көтерме сауда айналымы 53,6 миллиард теңгені құрады, сөйтіп өткен жылғы  тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 113,9 пайыз болды. Шағын кәсіпорындар көтерме сауда айналымының шамамен 82 пайызын қалыптастырды.

Есепті кезеңде тамақ және сусын өнімдерін ұсыну бойынша қызметтер көлемі 1658,3 миллион теңгені құрады және 2012 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 14 пайызға  төмендеді.

Табыс пен тұрмыс

2013 жылғы ақпанда халықтың атаулы қаржылай табыстары 52 731 теңге құрады, бұл 2012 жылғы ақпандағы деңгейден 5,9 пайызға жоғары, аталмыш кезеңде нақты қаржылық табыстар 2,3 пайызға төмендеді.                                                                                                                    Биылғы ақпанда облыс халқының орташа бір жанға шаққандағы атаулы қаржылық табыстары 87 342 теңге құрады және 2012 жылғы ақпанмен салыстырғанда 9 пайызға өсті.   

Тауарлар мен қызметтерге тұтыну бағаларының индексі ескеріле отырып есептелген нақты жалақы мөлшері 100,5 пайызды құрады.

2013 жылғы ақпанда облыс бойынша (әдеттегідей) орташадан жоғары  белгіленген жалақы төмендегідей:

 

·        қаржы және сақтандыру қызметі — 135 629 теңге;

·        кен өндіру өнеркәсібі130691 теңге;

·        көлік  және қоймалау122 484теңге;

·        кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 120061 теңге;

·        өнеркәсіп — 107609 теңге;

·        ақпарат және байланыс — 101808 теңге;

Ең төменгі жалақы бұрынғысынша төмендегі  қызмет түрлерінде:

·        ауыл шаруашылығы 46442  теңге;

·        білім 60788   теңге;

·        денсаулық сақтау 68978 теңге.

Ең жоғарғы жалақы (қаржы және сақтандыру қызметі) ең төменгі жалақыдан (ауыл шаруашылығы) 2,9 есе жоғары.

Бағалар

Облыстың тұынушылық нарығында инфляция деңгейі 2012 жылғы желтоқсан деңгейімен салыстырғанда 102,6 пайыз құрады (2012 жылғы наурызда 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 100,9 пайыз болып еді).                                                                                                                                 Азық-түлік тауарларына бағалар өсімі азық-түлік емес тауарларға қарағанда төмен: 100,4 пайызға қарсы 100,6 пайыз, қызметтерге тарифтер индексі 107,3 пайыз құрады.

Азық-түлік тауарлары ішінде ең жоғары баға  көкөністерге (3,3 пайыз), сүт өнімдеріне (1,7 пайыз), алкоголь сусындарына (1,3 пайыз), жемістерге (1,2 пайыз) белгіленіп отыр, сонымен қатар баға жұмыртқаға (11,2 пайызға), қантқа  (1,7 пайызға ) төмендеді. 

Азық-түлік емес тауарлардың ішінен баға дәрі-дәрмектерге (1,7 пайыз), киімге (1,1 пайыз), тұрмыстық приборларға (1,1 пайыз) қымбаттады.                                                                 Ақылы қызметтер саласында байланыс қызметтері — 3,7 пайызға, көлік қызметі — 1,8 пайызға, денсаулық сақтау қызметтеріне 0,6 пайызға елеулі  түрде қымбаттады.             

Халыққа көрсетілетін тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық ұйымдарының қызметтері облыс бойынша орташа есеппен 10,9 пайызға, оның ішінде салқын су — 89,5 пайызға, орталық жылу — 12,9 пайызға, ыстық су — 11,9 пайызға, электр энергиясына — 4,3 пайызға, тұрғын үйді күтіп ұстауға — 2,6 пайызға қымбаттады.

Еңбек нарығы

Жалдамалы қызметкерлер саны 2013 жылғы ақпанда 200,3 мың адамды құрады, бұл 2012 жылғы ақпан айымен салыстырғанда 3,2 пайызға көп, олардың ішінен ірі және орта кәсіпорындарда — 173,5 мың адам және 3,7 пайызға жоғары.

ХЕҰ әдіснамасы бойынша 2012 жылы жұмыссыздар саны 21,4 мың адамды құрады. Өткен жылға қарағанда жұмыссыздық деңгейі 0,1 пайыздық пунктке өсіп, 5 пайызды құрады.

Жұмыспен қамту органдарында ресми тіркелгендер саны 2013 жылғы наурызда 1076 жұмыссызды құрады, бұл 2012 жылғы наурызға қарағанда 26 адамға аз. Облыс бойынша тіркелген жұмыссыздар үлесі ағымдағы жылдың наурыз айының аяғына экономикалық белсенді халық санының 0,2 пайызын  құрады (2012 жылғы наурызда — 0,3 пайыз).

Демография

Ағымдағы жылғы 1 наурызға халық саны 797,8 мың адам құрады және осы жылдың басынан бері 1633 адамға өсті.

Биылғы жылғы екі айда облыста тіркелген туғандар саны — 3044, ал қайтыс болғандар саны — 1034. Табиғи өсім 2010 адамды құрады.

2012 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда туғандар саны 73 сәбиге, қайтыс болғандар саны 24 адамға кеміді.

Облыстың әрбір 1000 тұрғынына шаққанда 23,50 туғандар мен 7,98 өлімнен келіп тұр (2012 жылғы қаңтар-ақпанда тиісінше 24,04 және 8,16 промиле).

Жалпы туу деңгейі өлім деңгейінен 3 есе жоғары.

Жыл басынан бері облыс бойынша тіркелген некелер саны 1136, өткен жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 121-ге төмендеді, ажырасулар саны (395) 57-ге өсті. Осы кезеңде тіркелген 100 некеге 35 ажырасудан келіп тұр.

Облыстағы демографиялық жағдайға миграциялық процестер ықпал жасады. 2013 жылғы қаңтар-ақпанда облысқа  келгендер саны — 1270, кеткендер саны — 1647 адам. 

Ағымдағы жылғы екі айдың ішінде Қазақстан  Республикасының басқа облыстарынан  келгендер саны 71 адам (2012 жылғы қаңтар-ақпанда — 94 адам), облыстан кеткендер саны 101 адам (2012 жылғы қаңтар-ақпанда — 137 адам).

 

Облыстық сатистика басқармасының мәліметтері бойынша әзірленді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button