Мәдениет

Біздің балалардың «Балдәурені»

Жақында Ақмола облысы Бурабай курорты жанында орналасқан  «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру  орталығында «Мәдениет диалогы» атты республикалық фольклорлық-этнографиялық фестивальдың төртінші ауысымы өтті.

Фестивальға біздің Ырғыз, Байғанин, Хромтау, Темір аудандарынан және Ақтөбе қаласындағы №54 негізгі, №40, №35, №24, №9, №27, Пригородный, М.Арын атындағы орта мектептерден білімді де өнерлі 16 оқушы қатысты. Оқушылардың қауіпсіздігін бақылау маған жүктелді. Іссапар барысында оқушылар арнаулы  пәндерден, өнердің әр саласынан дәріс алды. Күніне төрт  рет тамақтанып, Жұмбақтаспен Бурабайға, Оқжетпеске, сондай-ақ Көкшенің көрікті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылып, туған күн иелеріне арналған сазды-әуенді бағдарламаларды тамашалады.

Ал «Мәдениет диалогы» республикалық фольклорлық-этнографиялық фестивальдың  төртінші  ауысым министрі №1 Хромтау орта мектебінің  9-сынып оқушысы Юлия Дрибас  болып, оған М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің  8-сынып оқушысы Айбол Қайырғали көмектесті.

«Балдәурен»  оқу-сауықтыру орталығында ақтөбелік оқушылар көп жетістіктерге қол жеткізді. Кейбіріне тоқталсам, «Табыс траекториясы» байқауында Л.Этмаханбетова І орынға,  А.Малаева ІІ орынға, К.Абенова І орынға, С.Сайлыбаев І орынға, Н.Асқарова І орынға ие болды. «Шешендік өнер» байқауында жеңімпаз атанған  А.Қайырғали ән айтуда серігі К.Әбенова  екеуі алдына жан салмады.

Әсет.Сәтжанұлы «Сазды әлем» шығармашылық байқауында ІІ орын,  «Көктем сұлтаны және аруы»  байқауында ІІІ орын иеленді. Сондай-ақ ол көңілді тапқырлар клубына да белсене араласып, министр Ю.Дрибас, А.Қайырғали, И.Калиев, А.Марсель бәрі сертификатқа ие болды.

«Мәдениет диалогы»  республикалық  фольклорлық-этнографиялық фестиваліне барған 16 оқушының бірі — №54 негізгі мектебінің  оқу озаты, мектеп белсендісі

Жазира Мусағалиева хореограф Айнұр Бабаеваның жетекшілігімен өткізілген

«Жас биші» үйірмесіне белсене қатысып, жетекші қолынан сертификатқа ие болса, «Олимпия» спорттық мерекесінде жүлделі І орынды иемденіп, топ жарды.

                                                             Э.ОРАЗОВА,

№54  негізгі мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button