Басты жаңалықтар

Мемлекеттік наградалар тапсырылды

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бірнеше адамға мемлекеттік наградалар тапсырды.

— Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі қарсаңында 36 ақтөбелік мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына,  халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қоқсқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталған болатын. Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияда өткен салтанатты жиынға түрлі себептерге байланысты жоғары марапатқа ие болғандардың барлығы бірдей қатыса алмады. Сол награданы тапсырудың сәті бүгін түсіп отыр, — деді облыс әкімі.

ҚР Президентінің Жарлығымен «Дастан» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Асхат Айтжанов, «ҚТЖ» АҚ Ақтөбе жол бөлімшесі филиалының директоры Жарас Ізғұлов, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Марат Тағымовтар «Құрмет» орденімен, Қобда ауданындағы «Уақ» шаруа қожалығының басшысы Мергараф Айдашев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

А.Айжанов кәсіпкерлік саласындағы жасалып жатқан игі жұмыстарға, Ж.Ізғұлов теміржол саласындағы жаңалықтарға тоқталып, бұл награданың алдағы жасалар жұмыстарға серпін, сенім беретінін тілге тиек етті.

Облыс әкімі мемлекеттік наргадаға ие болған азматтарды құттықтап, алдағы уақытта да елдің, облыстың дамуына үлес қоса беретіндіктеріне сенім білдірді.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button