Жаңалықтар

Партия мүшелерінің қатары толықты

Өткен аптада «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы ғимаратында партия қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті.

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы облыстық филиалының төраға орынбасары Дариға Татыранова: «Қазір бізде 412 бастауыш ұйым жұмыс істейді. Облыста партияның 28 мыңнан артық мүшесі бар. Партия мүшелерінің қатары да жыл сайын толығуда. Партияның жаңа мүшелерін құттықтаймыз!» – деп бірнеше адамға партия куәліктерін тапсырды.

Бұл күні «Томирис» журналының редакторы Вера Кан, облыстық білім басқармасының бас маманы Гүлжан Құлыбекова, облыс әкімі жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Ақмарал Хон, «Ақтөбе фарморталығы» ЖШС директоры Зәуреш Бижанова, «Нұрбанктің» директоры Айгүл Ахметова, «Қазақстан Халық банкінің зейнетақы қоры» облыстық филиалы директорының орынбасары Марина Деркач, әскериленген теміржол күзеті қызметкерлерімен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы Людмила Галицтер партия мүшелігіне өтті.

А.ІЛИЯС.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button