Құқық

Сауалдарыңызға заңгер Серік Жолдыбай жауап береді

Заң

 Күйеуімді қуып жүріп ажырасамын ба?

Неке басқа қалада қиылды. Оның үстіне жұбайым екеуміз көптен бірге тұрмаймыз. Ол үнемі қонысын ауыстыра береді. Кейінгі кездері көрші облыстың шалғайдағы бір ауданына кетіп қалды деп естідім. Қазіргі уақытта некені бұзғым келеді. Некеден 19 жасқа толған баламыз бар. Жалпы мүліктеріміз жоқ. Некені бұзу үшін қай сотқа арыздануым керек? Неке

қиылған қаланың ба, әлде оның соңынан қуып жүріп ажырасуым керек пе?

Әсия,

Ақтөбе.

 

Ол үшін некелеріңіз ресми қиылған қалаға бару міндетті емес. Қазақстан аумағында некеге отырған болсаңыздар, ерлі-зайыптылық куәліктеріңіз еліміздің қай түкпірінде де мойындалады. Жалпы ереже бойынша некені бұзу туралы талап арыз жауапкердің, яғни күйеуіңіздің тұрғылықты жері бойынша орналасқан сотқа беріледі. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 32-бабының 7-тармағына сәйкес некені бұзу туралы талап талап қоюшының кәмелетке толмаған балалары бар болса немесе денсаулық жағдайы бойынша жауапкер тұратын жерге баруы қиындық келтіретін болса,  өзінің тұрғылықты жері бойынша қойылуы мүмкін. Ортақ балаларыңыз кәмелеттік жастан асып кеткен екен. Егер оның соңынан қуып жүруге денсаулығыңыз көтермейтіні туралы дәрігерлік анықтаманы қоса тапсырсаңыз, талап арызыңызды өзіңіз тұратын жердегі сот қарауы мүмкін.

 

Пәтерге кімнің құқығы бар?

Күйеуімнің ата-анасы және менің әке-шешем бірігіп, неке қияр алдында пәтер сатып алып берген. Пәтер күйеуімнің атына жазылған. Бірақ пәтерге екеуміз де тіркелгенбіз. Некеден бір баламыз бар. Неке бұзыла қалса, мүлікті бөлу кезінде баламыз екеумізге пәтердің қандай бөлігі қалады?

Гүлбаршын,

Қандыағаш.

 

Пәтерге тіркелу (пропискада болу) оған меншік құқығын білдірмейді. Егер мүлікті бөлу кезінде күйеуіңіз сіздің әке-шешеңіздің де ақша сыйлағанын, оны алуға тең үлес қосқанын мойындаса жақсы, ал егер  мойындамаса, өзіңізге дәлелдеу керек болады. Себебі, ҚР Азаматтық кодексі 152-бабына сәйкес жүз есептiк көрсеткiштен жоғары сомаға жасалған мәмілелер жазбаша түрде жасалуға тиiс. Бұнымен қатар, мәмiленiң жай жазбаша түрiн сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырмайды. Бiрақ дау туған жағдайда тараптарды мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлiк айғақтармен растау құқығынан айырады. Сондықтан, дау туындаған жағдайда, әке-шешеңіздің пәтер сатып алуға ақша сыйлағанын растау үшін куәлардың айғақтарынан басқа дәлелдер келтіру керек болады.

Кімнің ақшасына сатып алынғанына және ерлі-зайыптылардың қайсысына жазылғанына қарамастан, пәтерге неке ресми қиылғаннан кейін ие болған болсаңыздар, екеуіңізге тең бөлінер еді. Айтуыңызға қарағанда, үй одан бұрын алынған.

Балаңыздың пәтерге тікелей құқығы жоқ. Ол тек сізге де, оған да мұрагер ғана. Егер сот ажырасу кезінде баланы сіздің тәрбиеңізде қалдырса және талап арызыңызда алимент өндіру жөнінде де көрсеткен болсаңыз, күйеуіңіз оны төлеуге міндетті болады.

 

Мына телефондар бойынша хабарласуға болады:

8 (7132) 51-04-13; 8-701-586-11-10; 8-771-187-47-31;

8-707-892-55-14; 8-700-961-31-20

E-mail: sultan.ns@mail.ru

Басқа жаңалықтар

4 Comments

  1. Сізге сұрағым мен «Табыс Ақтөбе» ЖШС мен келісім шартқа отырған жоқпын.
    Үйді алғаннан бері ешкім тұрмайды, олардан маған техникалық қызмет көрсетуге төлем келіп тұр.
    Не үшін деп сұрасам төбеге , жер төлеге қызмет көрсетеміз дейді.
    Мен төлем төлемеуіме болама келісім шартқа отырмасам.

  2. САЛЕМЕТСИЗ БЕ? Мен 2013 жылдын Сауир айында жер уйден патер сатып алдым. 2015 жылы Наурыз айында уйленип. Занды некеге турдык. Арада 4- 5 ай отип.енди айелим ажырасамын деп – жур. Аягы ауыр (еки кабат 5 айлык). Еки жактын келисимимен ажырассак. Осындай жагыдаймен ажырата береди ма? Егер ажырассак меним патеримди болисуге онын кандай кукыгы бар. Мен алименттен кашып турган жокпын.

  3. Саламатсызба,менің жолдасым ҚР ҚК 307 бабы 2бөлімімен айыпталып мемл.қызметте жұмыс жасаудан шеттетілген болатын,бұл шешім 30.07.2013ж.қабылданған.Сізден сұрағым,кезінде бұл бап бойынша 5 жылға дейін шеттетілген болса,бұл шешім жаңа қабылданған ҚК бойынша өзгеріп кетпей ме?Бір рет жазаланған адамды(ақ қарасын ажыратпастан)заң өзгерді деп қайтадан жазаламайтын болар,оның қасында шын қылмыскерлер амнистияға ұшырап жатырғо

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button