Құқық

Тәртіп бұзған алқабилер жауапқа тартылады

Елімізде алқабилер соты 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс жасайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы кейбір мамандандырылған соттарды құру мен тарату туралы» Жарлығына сәйкес, 2010 жылдың қаңтар айынан бастап Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құрылды. Аса ауыр қылмыстарға шешім шығаратын бұл сотта істер алқабилердің қатысуымен қаралады.

Құрылым өз жұмысын бастағаннан бері іс қарауда алқабиге үміткерлер тізімі компьютерде кездейсоқ таңдалады.

Алқабиге үміткерлер заң талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиіс. Егер алқабиге үміткерлер себепсіз сотқа келмесе, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 514-бабына сәйкес жауапқа тартылады.

Үстіміздегі жылдың өткен тоғыз айы ішінде Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабиге үміткерлер үстінен 10 әкімшілік іс қозғады. Нәтижесінде 1 тұлғаға ескерту беріліп, қалғандарына қатысты әкімшілік іс қаралу үстінде.

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2010 жылы алқабиге үміткерлер үстінен 10 әкімшілік іс көтерілсе, өткен жылы 8 тұлғаға қатысты іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына қарауға жолданды.

Заң талаптарын бұзған тұлғалар ескерту немесе 10 айлық есептік көрсеткіш негізінде айыппұл төлеу жазасына тартылады. Айыппұл мөлшері — 16120 теңге.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылмас үшін, алқабиге үміткерлер сотқа шақырылған уақытта келуі қажет.

Р.КҮЗЕНБАЕВА,

Ақтөбе облысының қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button