Мәдениет

«Балдәуреннің» жеңімпаздары

Фестиваль

Кеше облыстық халық шығармашылығы үйінде облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Балдәурен» шығармашыл балалар фестивалі өтті.

Фестиваль-байқауға барлығы 45 өтініш түсіп, 5-14 жас аралығындағы бүлдіршіндер мен жасөспірімдер өзара сынға түсті.

Халықтық өнер (күй, терме, халық әні), эстрадалық әндер және би жанрлары бойынша әр қатысушы екі нөмірден өнерлерін көрсетті. Мұнда бірі домбыраға қосылып, терме орындаса, тағы бірі эстрадамен ән шырқады. Ашық түсті киінген кішкентай бишілердің қимыл-қозғалысы сүйсіндірсе, тағы бірі жеке өзі мың бұралып, сахна сәні болды. Мониторинг және әдістемелік жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушісі Татьяна Юлусова:

– Қазанғап пен Құрманғазының күйлерін нәшіне келтіре орындаған Шалқардан келген Аян Дәменов, термелер орындаған Алғадан келген жас термеші Сағдат Нұрмағанбетов бірінші орынды жеңіп алды. Вокал бойынша Ырғыз ауданынан келген «Өнерлі жігіттер» квартеті және жеке орындаушылар арасынан №15 орта мектептің оқушысы Алтын Әділгереева бірінші орынды иеленді. Биден Ержан Ерболұлы жетекшілік ететін ақтөбелік «Талисман» би тобы жеңімпаз атанды, – деді.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button