Ресми

Жаңа басшы сайланды

Кеше «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының кезектен тыс XIV конференциясы болып өтті. Конференцияға облыстық филиалдың төрағасы Амангелді Есіркепов, қала әкімі Архимед Мұхамбетов, қалалық мәслихаттың төрайымы Сұлупан Шынтасова қатысты.

Конференцияда қала әкімі А.Мұхамбетов қалада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала келіп, партияның атқарып отырған роліне тоқталды.

Партия мүшелерінің мәжілісінде Талғат Хамитов, Мәжит Бекмеев, Келдібай Еспағамбетовтер шығып сөйлеп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның өткен  съезінде алға қойған міндеттерін орындауға шақырды.

Мәжілісте делегаттар «Нұр Отан» ХДП Ақтөбе қалалық ұйымының басшылығына қалалық мәслихаттың төрайымы Сұлупан Шынтасованы сайлады.

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button