Жаңалықтар

Төрт курсанты бар ұстаз

Ембі қаласындағы №2 орта мектептің оқушылары үшін алғашқы әскери дайындық пәні арнайы жабдықталған бөлмеде өтеді. Пән мұғалімі Ізбасқан Таевтың сабағына оқушылар аса қызығушылықпен қатысады, білуге талпынады. Отанға деген сүйіспеншілікті, әскери тәртіптің мәнін, қару-жарақтың қыр-сырын балаға үйретуден жалықпайтын І.Таевтың 4 шәкірті бүгінде жоғары әскери орындарда білімдерін жетілдіріп жатыр. Мектептің биылғы екі түлегі екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Т.Бигелдинов атындағы Әуе Қорғаныс Күштері әскери институтының курсанты атанды.

Жаңа оқу жылында курсант атанған шәкірттерінің әскери ант қабылдау рәсіміне ұстаздың өзі қатысып, қуанышты бірге бөлісіп қайтты.

 

Б.ЖАРЫҚОВА,

мектеп директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары.

Ембі қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button