Спорт

Арыстанбек алтын медаль алды

Интеллектуалдық спорт түрінен Еуропада өткен біріншілікте 14 жастағы ақтөбелік Арыстанбек Оразаев  І орынды жеңіп алып, елге алтын медальмен оралды.

Мектеп оқушылары арасында жыл сайын ұйымдастырылатын жарыс биыл 1-10 тамызда Башқұртстанда (Набережные Челны қаласында) өтті. Сайысқа Қазақстан атынан төрт бала қатысқан.

Арыстанбек шахматты 4 жасында үйреніпті. Жаттықтырушысы Владимир Сенчуковтің айтуынша, Арыстанбек бұған дейін де халықаралық турнирлерде жүлделі орындарға ие болған. Қазір Арыстанбек Словенияда өтетін әлем біріншілігіне дайындалып жатыр.

Айта кету керек, баланың таланты мен шахматқа деген ынтасын әйгілі гроссмейстер Алексей Широв байқап, оны жаттықтыру үшін өзінің Латвиядағы жеке турниріне шақырған.

 Д.АЛТАЙ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button