Денсаулық

Бала мерзімінде егілсе

Дәрігердің кеңесі

Көптеген жұқпалы аурулардан сақтану керек. Егер қызылша бұрқ ете түссе, талай баланың өмірін қияды. Ал полиомиелитке ұшыраса, тірі болғанмен, өмірінің соңына дейін мүгедек болып қалады. Бұлардан басқа да, адамзатқа зор жапа шектіретін шешек, күл, көкжөтел, туберкулез сынды жұқпалы аурулардың жолын кесу біздің міндетіміз болып табылады.

Мақсатты бағытта ұдайы жүргізілетін екпелер — бала ағзасын жұқпалы аурулардан қорғайды. Белсенді жүргізілген осындай иммунизация арқылы көп аурулардың алдын алуға болады.

Алайда, бір жасқа дейін баланы екпей, иммунитеті әбден қалыптасқанша  бақылаған жөн. Дәрігер баланың денсаулығын тексереді. Егер денсаулығы толық түзелмесе, онда егуге рұқсат бермейді. Дәрігер алдын ала балада тектік аурудың бар-жоқтығын, анасының жүктілік, босану кезіндегі денсаулығын, сәбидің бұрын жұқпалы аурулармен ауырған-ауырмағандығын және дәрі-дәрмекке, тағамға аллергиясын, бұрын екпені қалай қабылдағанын анықтайды.  Мұндайда жіті респираторлық сырқаттармен жиі ауыратын балалар егілмейді. Ағзасы әлсіз балалар әр түрлі жұқпалы аурулардан қорғалуы қажет. Өйткені олардың ауруға қарсы тұру қабілеті төмен.  Демек, қауіпті жұқпалы сырқаттарды, төтенше ауруларды тез қабылдайды.

Баланы түрлі ауруларға қарсы екен кезде дене қызуы көтерілуі мүмкін. Бірақ дәрінің көмегімен қызуы басылады.

Перзентханада жас нәресте туберкулезге және В вирустық гепатитке қарсы егіледі. Екі, үш төрт айлықтарында жас нәресте күл, көкжөтел, сіреспе, басқа да гемофильді жұқпаларға, полиомиелитке қарсы егіледі. Дәрігердің бақылауымен бұл егілулер белгілі бір жасқа келгенде қайталанады.

Қазіргі кезде вакциналар қауіпті емес, сондықтан егілген балада ешқандай нышан байқалмайды, асқынған ауруға да ұшырамайды.

Егер иммунизациямен балалардың 95 пайызы қамтылса, онда балдырғандар арасында жұқпалы ауру мүлде болмас еді. Егілуді мерзімінде жүргізудің маңызы сонда.

Т. БЕГАЛИН,

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің эпидемиология кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button