Құқық

Мұнай ұрлағандар құрықталды

Темір ауданы Шұбарқұдық кентінің шет аймағында полиция қызметкерлері 120 тонна мөлшерде шикі мұнай өнімі тиелген 3 «HOWO» маркалы көлікті ұстады.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, көліктер жүкке қатысты құжатқа ие болмаған. Ақмола облысы Щучье қаласының тұрғындары болып табылатын жүргізушілердің айтуынша, оларды баспасөздегі хабарландыру бойынша мұнайды тасымалдау үшін жұмысқа алған. Олар жүкті Атырау облысының Сағыз стансасынан Темір ауданының Шұбарқұдық кентіне алып бара жатқан.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 183-бабы бойынша (мұнай өнімдерін құжаттарсыз тасымалдау) қылмыстық іс қозғалды, сараптама белгіленіп, көліктер тәркіленді. Қазіргі уақытта жүктің қай жерде тиелгендігі және кімге тиесілі екендігі анықталуда. Тексеру амалдары жалғасу үстінде. Жүргізушілерден ешқайда кетпеуі жөнінде қолхат алынды.

 А.НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button