Жаңалықтар

Жұмыс жәрмеңкесі өтті

Кеше Студенттер сарайында Жол картасы аясында іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол, мектеп, ауруханалар, басқа да әлеуметтік нысандарды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкеге жөндеу жұмыстарын жүргізетін кәсіпорындар мен мекемелердің өкілдері қатысты.

Жұмыссыздар Жол картасы бағдарламасы аясында жұмысқа тұру үшін есепке алу туралы өтініштерін толтырды. Жәрмеңкені ұйымдастырушылардың айтуынша, жөндеу жұмыстарын жүргізуге жіберілетін жұмысшылардың 80 пайызын қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынады. Жұмыспен қамту бөлімі жұмыс берушінің біліктілік талаптарына сай келетін мамандарды іріктейді, қажет болған жағдайда қайта даярлаудан өткізеді. Қала әкімінің орынбасары Сәния Қалдығұлова еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 33 мамандыққа 1500 жұмыссызды оқыту көзделіп отырғанын айтады.

–  Жол картасы аясында мақсатты топтарға жататын азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылмақ. Бұл жұмыстарға 1888 орын қарастырылған. Жұмыс ұзақтығы – жарты жыл. Еңбекақы көлемінің 15 000                                                                                            теңгесі мемлекеттік бюджеттің қаражатынан жұмыс берушінің есепшотына аударылады. Оқу орындарының 1200 түлегі жастар іс-тәжірибесіне жолдама алуға мүмкіндіктері бар. Жұмыс жасаймын дегендерге бүгінде жұмыс көп, – дейді Сәния Мұсақызы.

Лаура ПАЛМАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button