Жаңалықтар

Новый ауылы – Жаңақоныс атанбақ

Қала іргесіндегі ауылымыздың әлі күнге орысша аталып жүруі бізді қынжылтатын еді. Соны өзгертудің сәті енді түскен сияқты. Таяуда ауыл жұртшылығының ұсынысын ескеріп, Новый селолық округінің  әкімі  Қанымқұл Рсмағамбетов ауылдың атын өзгерту туралы тиісті орындарға құжат түсірді. Көп ұзамай біздің аулымыз Жаңақоныс атанып қалар деген сенімдеміз.

Жалпы, осы азаматтың әкім болып тағайындалуымен біздің ауылымызға жаңа леп келді. Қазір селолық округке қарасты елді мекендерді таза ұстау, ағаш егіп, көгалдандыру қолға алынуда. Мерекелерде селолық әкімдік тарапынан үлкен- кішіге ілтипат көрсетіледі. Әсіресе, қарттар ескерусіз қалмайтын болды. Мысалы, өткен Жеңіс мерекесінде  Құрашасай, Новый селоларында осыған байланысты үлкен іс-шаралар өтті. Бүгінгі  күні бұл округте  3 соғыс ардагері, 64 тыл еңбеккері, 12 соғыс ардагерінің жесірлері, 7 интернационалист-жауынгер есепте тұрады. Осы 86 адамға мереке күні жеке кәсіпкерлердің демеушілік көрсетуімен азық-түлік пакеттері таратылды. Мерекелік концерт ұйымдастырылды. Ескерткіш бастарына гүл шоқтары қойылды.

Тілеуғали ДҮСІПОВ,

зейнеткер.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button