Жаңалықтар

Балабақша Астанада танылды

Кеңес Нокин ауылындағы №24 «Аққу» балабақшасында тәрбие мен өнер ұштастыра жүргізіледі. Соның нәтижесінде балабақша ұжымы мен онда тәрбиеленуші бүлдіршіндер елеулі табыстарға жетіп келеді. Осыдан екі жыл бұрын қала маңындағы ең үздік кәсіпорын атанып, Ақтөбе қаласы әкімінің  дипломын және арнайы сыйлығын алды. Алдыңғы жылы «Би әлемі» облыстық бишілер байқауында  бірінші орын алды.  Ал өткен жылы «Айналайын -2008» республикалық байқауында  Гран-при жүлдесіне ие болды.

Биылғы наурыз айында осы балабақшаның  он екі  бүлдіршіні Астана қаласында өткен «Ақ көгершін» байқауына қатысып, үшінші орынға табан тіреді. Лауреат атанып, диплом алып қайтты.

Балабақша бүлдіршіндерінің республикалық байқауға қатысуына  Благодар селолық округі, ауыл шаруашылық колледжі, басқа да демеушілер үлкен қамқорлық көрсетті.

Назгүл БАЛМАҒАМБЕТОВА.

Суретте: «Аққу» балабақшасының өнерпаз бүлдіршіндері Астана қаласында.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button