Құқық

Қызметінен төмендетілді, жұмыстан шығарылды

Тәртіптік кеңес

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы Нұрлан Сүйінбаевтың төрағалығымен тәртіптік кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыста 5 мәселеге қатысты тәртіптік іс қаралды. Үстіміздегі жылдың 8-10 мамыр аралығында облыстық тексеру комиссиясы «Алға ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне тексеру жүргізеді. Тексеру нәтижесінде Алға ауданы әкімі аппараты кеңсе бөлімінің бастығы Асқар Тайжановтың Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңының 12-бабы 1-бөлігі

4-тармақшасының талабын бұзғаны анықталыпты. Нақтырақ айтсақ, А.Тайжанов бір көзден сатып алу тәсілімен «Бабэк-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне заңсыз артықшылықтар көрсеткен. Осылайша оның мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға заңсыз қол қойғаны белгілі болды. Кеңес мүшелері Асқар Тайжановтың үстінен қаралған бұл іске байланысты оны қызметінен босату түрінде тәртіптік жаза қолдануға шешім шығарды.

Кеңесте Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасының жетекші маманы Жансая Абдуллинаның сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасағаны жайында іс қаралды. Тексеру тобы мемлекеттік қызметкердің жеке және заңды тұлғаларға шешімдер әзірлеу мен қабылдауда заңсыз артықшылықтар көрсеткенін анықтаған. Кеңес мүшелері Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасының бастығы Е.Нұрыбаевқа Ж.Абдуллинаны қызметінен босату туралы тәртіптік жаза беруді ұсынды.

Сол сияқты, тәртіптік кеңесте ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның 12-бабы 1-бөлігі 12-тармақшасының талаптарын бұзғаны үшін Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы Біртай Бөкейдің, осы бөлімнің бас маманы Жанаргүл Жанабекова мен Темір ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Азамат Нұрғалиевтердің үстінен іс қаралды. Тәртіптік кеңес мүшелері бір ауыздан аты аталған мемлекеттік қызметшілердің барлығын қызметінен төмендету, ал төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза беруді ұсынды.

Арайлым НҰРБАЕВА.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button