Мәдениет

ВИА «Ақтөбе» ән салады

Концертке шақырамыз

Өткен жылдың желтоқсан айында тұсаукесерін жасаған бұл өнер ұжымы аз ғана уақыттың ішінде көпшілікке танылып үлгерді.

«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ және Ақтөбе қалалық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 28 мамыр күні сағат 17.00-де және 20.00-де Студенттер сарайында өтетін кезекті концерт Ақтөбе қаласының 140 жылдығына арналады.

Концерттік бағдарламада алпысыншы-жетпісінші жылдардағы көп айтылған әндер бар, сол сияқты басқа да әр түрлі жанрлар  жарыққа шықпақшы.

– Біз осы кезге дейін облыстың Байғанин, Темір, Мұғалжар, Қарғалы, Алға, Мәртөк, Хромтау аудандарында болып қайттық, – дейді ансамбльдің көркемдік жетекшісі Қази Жасекенов, – Алда басқа да жерлерде көрермендерімізбен қауышпақшымыз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button