Құқық

Заң

346 қылмыс ашылды

Ақтөбелік полицейлер биылғы жылдың соңғы үш айында жүргізген  жедел-іздестіру шаралары кезінде  облыс бойынша бұрын жасалған 346 қылмысты ашты. Оның ішінде  3 адам өлтіру, 3 денсаулыққа ауыр зиян келтіру,  4 зорлау, 3 қарақшылық және 32 тонау дерегіне қатысты қылмыстар бар.

Мәселен, Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері  зорлау дерегіне байланысты тексеру жұмыстары кезінде адам тонауға қатысты қылмысты ашты. Қалалық ішкі істер басқармасы кезекші бөліміне 18 жастағы қыз хабарласып, қаладағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын студенттің зорлағандығы жөнінде арызданады. Полиция қызметкерлері жедел іздестіріп, студент жігітттің  қызды алдап күш көрсетіп, иесіз қалған бір нысанның  ішінде зорлағанын  және ұялы телефонын алып кеткенін анықтады.

Аталған оқиға бойынша жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Балаларға тиіспе!

Өткен аптада «Жасөспірім» жедел-алдын алу шарасы өтті. Мақсат — жасөспірімдер қылмысының алдын алу.

Шара кезінде дүкендерде кәмелеттік жасқа толмағандарға  алкогольді ішімдіктер мен  темекі сату дерегін анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жүрді. Көңіл көтеру орталықтарында түнгі уақытта ата-аналарының қарауынсыз жүрген жасөспірімдерге ескерту берілді. Сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларды қылмысқа тартатын ересек тұлғалар анықталып, жауапкершілікке тартылды.

Инспекторыңызды танисыз ба?

Ел аумағында «Мен сіздің учаскелік полиция инспекторыңызбын!» атты акция өткізіліп жатыр. Аталған шара 20 шілдеге дейін жалғасады.

Шараның мақсаты —  учаскелік полиция инспекторлары мен халық арасында тығыз байланыс орнату. Учаскелік полиция инспекторлары шара барысында өзіне тиесілі аумақтағы әр пәтер мен үйлерді аралап, профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Сонымен қатар акция кезінде халықпен кездесулер ұйымдастырылады. Бұндай басқосуға учаскелік инспекторлармен бірге жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қалалық және аудандық бөлімдердің басшылары да қатысады. Қазіргі күні облыс аймағында аталған акция аясында бірқатар  шаралар атқарылып жатыр

Әзірлеген Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button