Спорт

Кәсіподақтың жүлдесі

Мамыр айының 15-17-сі  күндері волейболдан ерлер және әйелдер командалары арасында Ақтөбе қаласының 140 жылдығына арналып облыстық кәсіподақтар кеңесінің жүлдесіне арналған жарыс өтті.

Бұл додаға 24 ерлер және 14 әйелдер командалары қатысты. Әйелдер арасындағы жарыс М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық  университетінің жаттығу алаңдарында ұйымдастырылды. Әуелгіде командалар төрт топқа бөлініп, айналма әдіс бойынша алдын ала жарыстар өткізілді. Сонымен қатар бұл топтардың жеңімпаздары кубок үшін жарысқа кірісіп кетті. Ақтық сайысқа «Дөң» тау-кен байыту комбинаты, медициналық қызметкерлер, қалалық білім бөлімі мұғалімдері және колледждердің өкілдері шықты. Нәтижесінде кубокты бірінші аталған комбинат қызметкерлері еншіледі. Екінші орынға медицина қызметкерлері, ал үшінші орынға ұстаздар қол жеткізді.

Ерлер командалары болса сегіз топқа жіктеліп, олардың ішінде «Дөң» тау-кен байыту командасы үздік шықты.

Жарыстың басшысы Владимир Коренковтың хабарлауынша, келесі жылдары бұл командалар бірінші және екінші лигаларға бөлінбекші.

Серік ӘБДІБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button