Спорт

Кубокке тағы бір қадам жасалды

«Ақтөбе» – «Локомотив» – 1:0

Кеше футболдан Қазақстан Республикасының кубогы жолындағы 1/8 финалдық сында жерлестеріміз азулы команда – Астананың «Локомотивін» қабылдады. Ойын тартысты басталды. Алғашқы минуттардан-ақ ақтөбеліктер алға ұмтылғанымен, шабуылдар нәтижесіз аяқталып жатты. Тек 38-минутта ұрымтал тұсты сәтті пайдаланып, баспен ұрған Мұрат Тілешев қонақтардың қапашысы Роман Нестеренконы қапы қалдырды. Футбол жұлдыздары саналатын ресейлік легионерлер Титов пен Тихоновтар біздің қапаның құлпын таба алмады.

Сонымен алғашқы кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Енді қарымта кездесу маусым айында Астанада өтеді.

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button