Денсаулық

Қан қысымы өлшенуге тиіс!

Соңғы кезде тұрғындар арасында жүрегіне шағым айтып дәрігерге жүгінетіндер көбейіп кетті. Негізінен жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары нервтік-психикалық кернеулердің негізінде пайда болады. Ал гипертонияға шалдыққандардың үштен екісі өздерінің дерттері жайлы біле бермейді, тек көбіне бастары және жүректері ауыратынына шағым айтады. Бұл ауру жүрек (миокард инфаркты) және ми (инсульт) ауруларының дамуына себеп болады. Жүрек-қан тамыр ауруларынан болатын барлық өлім-жітімнің жартысы артериялық гипертонияның үлесінде. Әрбір адам өзінің артериялық қан қысымын білуі қажет, — дейді кардиолог Сәуле Шайхиева. — Артериялық қан қысымын өлшеу, кейде белгілері білінбейтін гипертонияны анықтаудың негізгі әдісі болып табылады. Қан қысымыңыз 140/90 миллиметр сынап бағанасынан жоғары болғанда дәрігерге көрінуіңіз керек.

Адамның қалыпты жағдайда қан қысымы шамамен 120/80 мм сынап бағанасы деңгейінде болады. Қысым сандары адамның жағдайына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Кейде артық салмақ түскенде жоғарылап, ұйықтаған кезде төмендейді. Бірақ қысым 100/60 мм сынап бағанасынан қалыпты 140/90 мм сынап бағанасы деңгейіне оралады. Егер бұл цифрлар жоғары болса — артериялық гипертония болғаны.

Артериялық қан қысымын өлшеу — қарапайым, тез әрі ауыртпай жасалатын процедура. Оны қаланың барлық медициналық емдеу мекемелері кепілдендірілген тегін қызмет көлемі аясында атқарады.

Артериялық қан қысымын жиі немесе жылына кемінде бір рет өлшету керек!

 Жетпісбай ЖАНАХМЕТОВ,

облыстық салауатты өмір салтын

қалыптастыру орталығының баспасөз маманы.       

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button