Денсаулық

Медициналық генетика

Адам баласында кездесетін түрлі тұқым қуалайтын ауруларды анықтап, оларға диагноз қойып, емдеу жолдарын зерттейтін ғылымды медициналық генетика деп атайды. Статистикалық мәліметтер бойынша, дүние жүзінде өмірге келіп жатқан сәбилердің шамамен 7-8 пайызы түрлі тұқым қуалайтын аурулармен сырқаттанады екен. Сондықтан, мұндай ауруларды дер кезінде зерттеп, алдын алу және емдеу — медициналық генетиканың басты проблемасы болып табылады.

Дүние есігін жаңа ашқан сәбидің ауру немесе мүгедек болып тууы — отбасы мен ата-ана үшін үлкен қайғы-қасірет. Мұның алдын алу үшін отбасын құратын, әсіресе, тегінде тұқым қуалайтын аурулармен ауыратын адамдар міндетті түрде медициналық-генетикалық кеңес алғаны жөн. Мұндай кеңес беретін орталықтар қазір Қазақстанның көптеген қалаларында қызмет көрсетеді. Тағы бір ескертетін жайт, алкогольді ішімдіктерді қолдану мен темекі тарту, әсіресе, есірткіні қабылдау болашақ ұрпақ үшін өте қауіпті. Себебі, олар гендер мен хромосомаларды улап, өзгертеді. Соның салдарынан тұқым қуалайтын аурулар мен кемістіктер пайда болады.

Ең дұрысы, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, судың, ауаның және азық-түліктің канцерогендік әсерлері бар заттармен ластанбауына көп көңіл бөлу қажет. Сонымен қатар, дәрі-дәрмектер мен тұрмыстық химиялық препараттардың және түрлі косметикалық заттардың «генетикалық залалсыздығын» мұқият тексеруден өткізген жөн.

 А.АЛЕКЕШОВА,

№2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы.

 

Басқа жаңалықтар

One Comment

  1. Осы А.Алекешова деген кім?
    Мақалалары жақсы. Облысымыздағы өзекті мәселелерді көтереді
    Медициналық қызметкер болғанша мұғалім болатын адам ғой.
    Не болса да жалақысы аз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button