Білім

Астанадан жүлдемен оралды

Жуырда Астана қаласында  «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында өткен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты lV республикалық педагогикалық олимпиададан Ақтөбе облыстық М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың ұстаздары жүлдемен оралды.

Аталған олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен жүзге жуық білім ордасы қатысты. Осы байқауда жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі ерекше жетістігі үшін облыстық М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған  мектеп-интернат «Ең үздік жаңашыл мектеп» атанса, осы білім ордасының директоры Данағали Кенжебаев дарынды балаларға интеллектуалдық даму талабына сай білім берудегі жетістігі үшін «Ең үздік ұстаз» атанды. Сондай-ақ, Ақжеңіс Жаналина Алғыс хатпен марапатталса, ұстаздар арасындағы сайыста Роза Алматова үшінші орынға қол жеткізді.

Аталған білім ордасының 11-сынып оқушысы Дәурен Таджяқов Грекияда өткен халықаралық ғылыми олимпиадада ағылшын тілі пәні бойынша бірінші орынға ие болды. Ал Тараз қаласында өткен «Жас ғалым – 2009» байқауында Ақнұр Нұрғали қазақ тілі пәні бойынша бірінші орынға қол жеткізді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button