Ресми

«Эврикаға» – 15 жыл!

Кеше «Эврика» газетінің шыға бастағанына 15 жыл толды.

«Жақсы жандарға арналған» «Эврика» шыққан күнінен бастап-ақ оқырмандар көңілінен шығып, облыстағы ақпарат нарығынан өз орнын ойып тұрып алған-ды.  Содан бері жүрісінен жаңылған жоқ. Керісінше, күн сайын мазмұны кеңейіп, дизайн жағынан құлпыра түскен басылымды іздеп оқитындар көбейіп келеді. Қазір «Эврика» шығатын жұма күнін асыға күтетіндер бар.

Кез келген оқиғаны түрлендіріп, оқырманға дәмді етіп ұсына білетін кәсіби журналистері бар басылымнан кейбір мекеме басшылары аяқ тартатыны да рас. Көпшіліктің  көңіл-күйін тап басатын газет материалдары көмекке мұқтаж болған көп кісінің қолтығынан демегенін тағы да жоққа шығара алмайсыз. Газет – сонысымен де газет.

Виктор Гербер секілді тынымсыз, ізденімпаз бас редакторы бар «Эврика» қазір біздің өңірде ғана емес, жалпы, республикадағы мойны озық басылымдардың бірі.  Тиражы өсіп, біраз қоң жинаған «етжеңді» газеттен түрлі деңгейдегі оқырмандардың бәрі өз керектерін таба алады.

Қуатты құрылым «РИКА» медиа тобының құрамындағы «Эврика» алдағы уақытта да өз оқырмандарын қуанта беретіні сөзсіз. Біз әріптестерімізді мерейтойымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз.

«Ақтөбе» газеті.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button