Жер салығынан 468,6 миллион теңге түсті

Брифинг
Ел Президенті өткен жылғы Жолдауында мемлекет меншігіне қайтарылған жерді қадірін білетін, адал еңбек ететін кәсіпкерлерге беру, сондай-ақ қайтарылған жер учаскелерін тұрақты түрде айналымға енгізу туралы нақты тапсырма бергені белгілі. Облыста бұл жұмыс қалай орындалып жатыр?
Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген облыстық жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Әділбек Қабидуллин:
— Нысаналы мақсатына пайдаланылмай отырған жер учаскелері анықталып, келісімшарттарды мерзімінен бұрын тоқтату арқылы мемлекеттің босалқы жер қорына жалпы көлемі 234,2 мың гектар жер учаскесі қайтарылды. Одан басқа облыстық жер ресурстарын басқару департаменті ауылшаруашылығы мақсаты бойынша жалпы көлемі 497,4 мың гектар жер учаскесіне тексеріс жүргізіп, нәтижесінде 488,3 мың гектар жер учаскесінде заңбұзушылық деректері анықталды.
2025 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 216 жер учаскесі347,1 мың гектар конкурс арқылы табысталды. Жер қойнауын пайдаланушыларға көлемі 27 мың гектар 44 жер учаскесі берілді. Ал коммерциялық мақсатта аукцион арқылы көлемі 110,18 мың гектар 145 жер учаскесі бөлінді. Нәтижесінде 566,2 миллионтеңге сатып алу арқылы мемлекет бюджетіне түсті.
Былтыр облыс қазынасына түскен жер салығыныңмөлшері — 468,6 миллионтеңге, — деді.
2022-2025 жылдар аралығында жалпы көлемі 1 млн 256 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылып, соның 1 092,3 мың гектарықайта айналымға енгізілгені айтылды. Қалған 164,2 мың гектар жер учаскесін биылғы маусым айына дейін қайта айналымға енгізу жоспарланып отыр.
Пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару нәтижесінде жайылым тапшылығы бар кейбір аудандарда алқап көлемі ұлғаюда. Облыс аумағындағы елді мекен жерлерінің жалпы көлемі — 4 320,2 мың гектар, соның ішінде жайылымдық алқап 4 053,4 мың гектарды құрайды.
— 2024 жылы жекелеген аудандар бойынша елді мекен жерлерінде жайылым жетіспеушілігі 97,0 мың гектарболды, атап айтқанда, Алға ауданында — 30,5 мың гектар, Мәртөк ауданында — 45,9 мың гектар, Ақтөбе қаласы аумағында 20,6 мың гектареді.
Бүгінгі таңда Ақтөбе қаласы екі ауданға бөлінгеннен кейін қала аумағында орналасқан елді мекендердегі жеке қосалқы шаруашылықтарды жайылыммен қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе қалалық әкімдігінің қаулылары негізінде соңғы 2022-2024 жылдар аралығында жалпы алаңы 19 395,5 гектар Алматы, Астана аудандарына жер телімдері рәсімделді. Сөйтіп, қала аумағындағы жайылымдық жерлер толығымен қамтамасыз етілді.Одан басқа Алға ауданында 16,4 гектаржайылым тапшылығы жойылды. Бірақ жалпы жайылым тапшылығы аталған аудандарда толық өз шешімін тапқан жоқ.
Қазіргі таңда жайылым тапшылығы 76,4 мың гектар аумақты қамтып тұр, соның ішінде Алға ауданында —14 мың гектар, Мәртөк ауданында —45,9 мың гектар,— деді спикер.
Аталған басқарма Жаңа жылда 164,3 мың гектар жер учаскелерін қайта айналымға енгізіп, ауылдық округтердегіәбден тозған жер учаскелерін қалыпқа келтіруді жоспарлап отыр. Бұл — Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасы.
Айбек СЕРІКҰЛЫ.



