Мәдениет

«Мерейтойлық көктем» көрмесі өтті

Өткен аптада «Алатау» сауда орталығының «Зарина» көркемсурет галереясында  қаланың 140 жылдығына арналған «Мерейтойлық көктем» деп аталатын көрме өтті. Көрмеге  қалалық көркемсурет лицейінің  ұстаздары өз туындыларын  қойды. Аталған шараны қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия ұйымдастырды.

Көрмеге лицейдің он мұғалімі қатысты. Бейнелеу өнерінің барлық түрі, оның ішінде, кескіндеме, графика, ұсақ мүсін, сомдау өнерінен 80-нен астам туынды қойылды. Аталған шара халықаралық отбасы күніне орайластырылғандықтан, қатысқандардың басым бөлігі әйелдер қауымы болды. Көрмеге Ботагөз Қосалиева, Анастасия Альтина, Любовь Бадикова, Гүлнар, Динара Қойшыбаевалар секілді суретшілердің  шығармалары қойылды. Шараға қатысқандардың барлығы – халықаралық, республикалық байқауларда жеңімпаз атанғандар. Мәселен, Анастасия Альтинаның туындылары Қазақстан мен шетелдердегі жеке топтамаларда ілулі тұр. Жиында лицей директоры Инна Клявина сөз сөйлеп, қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі. Ал қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Ералы Нұрғалиев көрмеге қатысқан суретшілерге қала әкімінің орынбасары Сәния Қалдығұлованың Алғыс хатын тапсырды.

Көрмеге келген жұртшылық түрлі жанрдағы туындыларды тамашалады.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button