Аймақ басшысы вокзалдардағы жаңғырту жұмыстарының қарқынын сынға алды

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде өңірдегі теміржол вокзалдарын жаңғыртудың барысы қаралды.
Өңір басшысы вокзалдарды реконструкциялау жұмыстары аймақ үшін стратегиялық маңызды бағыт екенін атап өтті. Бұл – аймаққа келетін инвесторлар, шетелдік қонақтар және барлық жолаушылардың өңіртуралы алғашқы әсерін қалыптастыратын нысандар. Сондықтан жұмыстардың мерзімі мен сапасы ең жоғары талаптарға сай болуы тиіс.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Вокзал шаруашылығын модернизациялау дирекциясының Батыс өңірлік филиалының басшысы Дәурен Нұрмағанбетовтың айтуынша, жеті теміржол вокзалы реконструкциялаумен күрделі жөндеуге 6,7 млрд теңге бөлінген. Тапсырыс беруші – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ. Бүгінде жұмыстар жүргізіліп жатыр, алайда олардың қарқынын арттыру қажет, бірқатар нысанда белгіленген мерзімдердің сақталмау қаупі бар.
«Премьер-Министр осы жобаларды ағымдағы жылдың соңына дейін толық аяқтауды нақты тапсырды. Соған қарамастан, жұмыс қарқыны баяужәне белгіленген көрсеткіштерге сәйкес келмейді. Бірқатар нысанда жоспарлау мен ұйымдастыруда айтарлықтай кемшіліктер бар екені байқалады», – деді облыс әкімі.
Дәурен Нұрмағанбетовтің айтуынша, жұмыстарды уақытылы орындау үшін құжаттарды келісуді жеделдету, тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету, нысандардағы күнделікті бақылауды күшейту және мердігерлердің кестені сақтау жауапкершілігін арттыру қажет. Жұмыстар жалғасып жатыр және осы мәселелер дер кезінде шешілсе, жеті вокзалдың бәрінде жоспарланған мерзімде аяқтау мүмкін.
Баяндаманы тыңдаған Асхат Шахаров «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы тарапынан жұмысты күшейтіп, бақылауды қатаңдатуды және мердігерлерге қойылатын талаптарды жоғарылатуды тапсырды.
«Жұмыстар кестеге сәйкес, қатаң, сапасы төмендетілмей атқарылуы тиіс. Әрбір нысанға күнделікті бақылау болуы керек, ал мердігерлер мерзіммен сапаны сақтау үшін толық жауапты. Мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын жолға қойып, жобалардың орындалуына жүйелі талқылау қажет. Барлық жауапты органдарға жұмысты қайта бөліп, бақылау мен тәртіпті күшейтуді, сондай-ақ Үкімет тапсырмаларының сөзсіз және уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Депутаттық бақылауғада ерекше назар аудару қажет», – деді өңір басшысы.






