Жаңалықтар

«Халық сеніміне арқа сүйейміз»

Форум

Ақтөбе қаласындағы Шығармашылық академиясының ғимаратында Қазақстан халық партиясы жақтастарының «Күш — әрқайсысымызда!» форумы өтті. Оған Қазақстан халық партиясының жетекшісі, саяси ғылымдардың докторы және тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Ермұхамет Ертісбаев қатысты.
— Ақтөбе өңірі қашанда өзінің тарихи тұлғаларымен, кең-байтақ даласымен, ұлан-ғайыр кеңістігімен, қуатты өнеркәсіптік әлеуетімен және табиғи ресурстарының молдығымен белгілі. Табиғат қанша жомарт болса да, ең үлкен қазына — халық, жерлестеріміз және олардың қажырлы еңбегі. Қазақстан халық партиясы қашанда халықтың мұң-мұқтажына, үніне, сеніміне арқа сүйейді. Біз мақсатымыз бір ұжымбыз, әр сөзіміз бен ісіміз үшін халқымыздың алдында жауап береміз, — деп атап өтті форум басында ҚХП Ақтөбе филиалының төрағасы Бауыржан Құрманғазин.
— Бүгінгі таңда Қазақстан халықтық партиясы — еліміздегі толыққанды саяси медиаалаң. YouTube және TikTok-тағы материалдарымыз қазірдің өзінде 300 миллионнан астам қаралым жинаса, ал жазылушылар саны 700 мыңға жақындады. Келесі жылдың ортасына қарай бұл көрсеткіш бір миллионға оңай жете алады. Осыдан-ақ алдағы уақытта қандай нәтижелерге қол жеткізе алатынымызды елестетуге болады. ҚХП белсенділігімен елімізде Халықаралық еңбек ұйымының ең төменгі жалақы туралы 131-конвенциясы ратификацияланды және әділеттіліктің маңызды кепілі болып табылатын Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қызметі қалпына келтірді.

Тек өткен сессияның өзінде біздің фракция қырыққа жуық депутаттық сауал жолдап, сегіз дөңгелек үстел өткізді, 1029 түзету енгізіп, алты заң жобасына бастамашылық жасады. Мұның барлығына Парламент Мәжілісіндегі бес депутаттың ғана күшімен қол жеткізілді. Биыл біздің партия ұйымдарына бір мыңнан астам азаматтың өтініші келіп түсті. 30 әлеуметтік нысанға мониторинг жүргізіліп, талқылауға 4 мыңнан астам адам қатысты. Партия мүшелері жүздеген дүкендегі әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын бақылауға алды. Біз алаяқтардан жәбірленген 400-ден астам адамға көмектестік. Балалар қауіпсіздігі акциясы 13 мың отбасын қамтыды, — деді Ермұхамет Ертісбаев.
Ол өткен жылдың өзінде 4000-нан астам адам ҚХП мүшесі болғанын атап өтті. 126 бастауыш ұйым құрылып, 10 аудандық бөлімше ашылды.
Форум барысында отыздан астам ақтөбелік жас Қазақстан халықтық партиясының жетекшісі Е.Ертісбаевтың қолынан салтанатты түрде мүшелік билеттерін алды.
Форумда Жұмысшы мамандықтары жылына сәйкес ҚХН-ның бес мүшесі партия басшылығының сыйлықтары мен Алғыс хатына ие болды. Алғыс хатпен марапатталғандардың қатарында шалқарлық Жандәулет Құрманиязов та болды. Отбасылық газшылар дәстүрін жалғастырып, Ақтөбе мұнай және газ колледжін бітірген соң С.Бәйішев атындағы университетте арнайы жоғары білім алды. Жандәулет газ саласында 14 жылдан бері еңбек етіп келеді, қазір Ақтөбе газ мекемесінде бригадир.

Н.ДАБЫЛОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button