Басты жаңалықтар

«Қолға ұстап оқыған газетке ештеңе жетпейді»

Баспасөз — 2026

Қобда сапары кезінде оқырмандар журналистердің алыс ауылдарды аралап, ондағы жұрттың тұрмыс-тіршілігі туралы көбірек жазуын өтінді.

«Ақтөбе Медиа»  компаниясының құрамына кіретін облыстық қоғамдық-саяси екі газет «Ақтөбе» мен «Актюбинский вестник» және «Үш таған» журналының өкілдері Қобдадағы тұрақты оқырмандарымен кездесті.Осындай кездесудің бірі Исатай Тайманов атындағы гимназияда өтті.

— Цифрландыру дәуірінде барлық жерде интернет қолжетімді. Телефонның көмегімен көп шаруа бітіруге болады: төлем жасап қана қоймай, құжат рәсімдеу, келісімшарт жасау, тіпті несиеніде үйде отырып төлейсіз. Тап сол сияқты облыстық газетке де үйден шықпай-ақ жазылғымыз келеді, — деді гимназиядағы кездесуге  келген ауыл тұрғыны.

«Ақтөбе Медиа»  компаниясы бұл бағытта да жұмыс жүргізіп жатыр.Оның нәтижесі туралы оқырмандарға хабарлайтын боламыз. Ал әзірше ауыл тұрғындары үшін облыстық екі газетке жазылудың жалғыз жолы—«Қазпоштаның» жергілікті бөлімшелеріне жүгіну ғана.

Қобдалық оқырмандар «қолға ұстап оқыған газетке ештеңе жетпейді» деп санайды. Бұл жайтты жер-жердегі кездесулерде «Ақтөбе Медиа» компаниясының өкілдері де жиі айтып жүр. Газет адамды ойландырады, назарын шоғырландырады. Газет бетіндегі ақпарат өзгермейді және жоғалып кетпейді. Ал смартфондағы ақпарат жиі жаңарып тұратындықтан, оқырманның оны енді қайтып таппай қалу қаупі бар.

И.Тайманов атындағы гимназия директорының орынбасары Нұрбол Мәдетхан бір кездері газетке жазылуға түбегейлі қарсы болғанын айтады.

— Осыдан он жыл бұрын цифрландыру заманында газетке жазылудың не керегі бар деп сын айтқандардың бірі едім. Ол ойымнан айныдым. Мысалы, мен қазір қырықтың қырқасындамын, педагогпын, жұбайыммен бірге бес бала тәрбиелеп отырмын. Мектебімізде«Оқуға құштар мектеп» секілді түрлі жоба бар. Оның аясында балаларды оқуға баулимыз. Балаларды гаджеттерден алыстату оңай шаруа емес екен. Ол үшін ең алдымен ересек адамдардың оқуы керегін түсіндім. Оның үстіне облыстық екі басылым— туған өлке жаңалығын жан-жақты қамтып, ақпарат тарататын маңызды дереккөз. Сондықтан әріптестерімді газетке жазылуға, оқуға және журналистермен тығыз байланыста болуға шақырамын,-деді Нұрбол Мәдетхан.

Айтпақшы, Нұрбол Мәдетхан мектеп жасындағы қызы Ділназбен және басқа да жанашыр азаматтармен бірге Жанболат Жұбанов жетекшілік ететін еріктілер тобына енген. Белсенділер екінші дүниежүзілік соғыс батыры Ақби Рақовты ақтап, оның есімін ұлықтауды  өз алдына үлкен мақсат еткен. Еріктілер АқбиРақов «Халық қаһарманы» болуға лайықты деп санайды.ПедагогМәдетхан әділдіктің түбінде бір салтанат құратынына сенімді.

«Ақтөбе Медиа»  компаниясының өкілдері барған тағы бір іргелі ұжым—Қобда көпсалалы колледжі. Бұл оқу орны сегіз мамандық бойынша мамандаярлайды. Болашақ ветеринарлардың теорияны тәжірибемен ұштастыруы үшін колледждің әлеуметтік серіктестері — жергілікті қожалықтар мен серіктестіктер оқу орнының қосалқы шаруашылығына бірнеше бас ірі қара мал берген. Сонымен қатар қосалқы шаруашылықта мініске жарамды жылқы бар, бұл — өз кезегінде иппотерапиямен айналысамын деушілер үшін жақсы мүмкіндік. Мүгедек балаларды жылқымен сауықтыру бағытын меңгеру үшін колледждің екі педагогі Семей қаласына арнайы барып, қысқаша курстан  өткен.

— Біз мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауға дайынбыз. Егіндібұлақ ауылында филиалымыз бар. Әзірше оны  жазғы жайылым ретінде пайдаланып отырмыз, болашақта иппотерапия  бағытын одан әрі дамыта түскіміз келеді, — деді көпсалалы колледж директоры Болат Алтаев.

Естеріңізде болса, өңірдегі 26 мемлекеттік колледждің тоғызы  тамыз айында облыс әкімі қолынан 100 миллион теңгеден грант алған болатын. Соның бірі —Қобда колледжі. Бүгіндеұжым әкімдік бөлген қаржыға заманауи оқу жабдықтарын сатып алып, орнатып жатыр. Бұл оқу орнының тағы бір ерекшелігі — облыста тек Қобда колледжі жиһаз өндірісі бойынша маман даярлайды. Сондай-ақ колледж оқушылары үнемі WorldSkills сайысына  қатысып,  жүлде алып жүр.

— Ауылдан ұзамай-ақ өміршең мамандықтарды игеругеболады. Бірақ кейде жұрт ақпараттың тапшылығынан ол жайттан бейхабар болып жатады. Сондықтан біздің ұжым кәсіби бағдар беру барысында мерзімді басылымдардың көмегіне мұқтаж,— деп атап өтті Болат Алтаев.

Тағы бір кездесу Қобдадағы орталық кітапхана базасында өтті. Оған музыка мектебінің, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің, қосымша білім беру орталығының және орман шаруашылығы мекемесінің қызметкерлері қатысты. Қобдадағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Гуля Бисекенова әріптестері бір кісідей облыстық екі газетке жазылатынын айтты. Түрлі себеппен газетке жазыла алмаған ауыл тұрғындары кітапхананың оқу залына келіп, өңір жаңалықтарымен  танысады. Сондай-ақ кітапханашылар облыстық басылым ұжымына «Ер Едіге» жыр мектебімен ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді. Бисекенованың пікірінше, бұл Қобыланды батырдың ерлігін дәріптеу, насихаттау және кеңінен таныту жұмысына серпін береді.

Қобда сапары кезінде ауданда тағы бір медициналық нысанның пайда болғанын білдік. Бегалыда «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жаңа дәрігерлік амбулатория салынып, заманауи медицина жабдығымен қамтамасыз етілген.

Еске сала кетейік, осыған дейін бұл ауданда тағы екі медициналық пункт — Жарық және Өтек ауылдарында салынған. Келер жылы тағы үш ауылда жаңа медицина нысаны пайдалануға беріледі. Қобда аудандық ауруханасының бас дәрігері Руслан Досаевтың айтуынша, ауыл медицинасындағы  жағымды жаңалық мұнымен шектелмейді.

Ауданауруханасына УЗИ аппараты, компьютерлік томограф (КТ) жәнебасқа да заманауижабдықтаржеткізілген. БұданбөлекҚобдағатұрақтыжұмысқа аса қажетмамандар— онколог, маммолог, ересектер мен балалар стоматологікелген.

Қазір Қобдаға ортопед пен травматолог  қажет. Бас дәрігердің сөзіне қарағанда, М.Оспановатындағы БҚМУ-дыңрезиденттеріменкеліссөзжүргізіліпжатыр. Келіссөз нәтижелі болса,  аудан әкімдігі жас мамандарға баспана мен қаржылай қолдау көрсетуге дайын. Одан бөлек Қобда ауданындағы бірнеше ауылға медбике қажет.

Қобдадағы кездесулер барысында бірнеше тұрақты оқырманға Алғыс хат пен Құрмет грамотасы табысталды. Марапатталғандар санатында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері Айдос Моңғолхан, аудандық білім бөлімінің әдіскері Зүлфия Ізбасарова, орман шаруашылығы мекемесінің жетекшісі Оразай Омаров пен аудандық аурухананың  медбикесі Татьяна Кропивницкая бар.

Абат ҚАРАТАЕВ,

Қобда ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button