Спорт

Жас тоғызқұмалақшылар — ел чемпионы

Мектеп оқушыларының көктемгі каникулы кезінде Қызылордада тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты өткізілді.

Жарысқа барлық өңірден 10, 12, 14 жас ерекшелігіне қарай 250-ден астам ойыншы сынға түсті. Бір аптаға созылған бәсекеде әр жас ерекшелігінде тоғыз түрден ойын өткізілді. Қорытындысында 10 жастағы қыздар арасында бас бәйгені Ақтөбедегі №30 мектептің оқушысы Гүлжанат Алдабергенова жеңіп алды. Оның жаттықтырушысы — Нұрбек Қабиев. 14 жастағы ер балалар арасында бірінші орынды ақтөбелік №24 мектеп оқушысы Манас Нұрлыбек иеленді. Жаттықтырушысы — Қабидолла Нұршин. Және жүлделі үшінші орынды Әйтеке би ауданының оқушысы Ерасыл Қуанышбаев алды.

Жалпы республика бойынша екі алтын иеленген Ақтөбе, Қызылорда облыстары командалық есепте алға шықты. Бір-бір алтыннан алған Алматы және Батыс Қазақстан облыстары 3-4 орындарды бөлісті.

Сәуір айының ортасында ересектер арасында ел біріншілігі өтеді. Облыстың таңдаулы тоғызқұмалақшылары сол дүбірлі жарысқа дайындалып жатыр. Жақында өткен облыстың жекелей біріншілігінде Темір ауданының өкілі Төлеген Дандыбаев чемпион атанды. Қыздар арасында ақтөбелік №24 мектептің 11-сынып оқушысы Гүлсезім Көптілеу алда болды.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button