Радиологиялық құзыреттілік орталығы ашылды

Облыстық көпсалалы аурухана жанында радиологиялық зерттеулер бойынша құзыреттілік орталығы іске қосылды. Кеше облыс әкімі Асхат Шахаровтың қатысуымен жаңа орталық жұмысы ресми түрде бастау алды.
Жоба телемедицинаны дамыту, денсаулық сақтау жүйесін цифрлы бақылау және PACS жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану арқылы радиологиялық зерттеулерді бір орталыққа жинақтау бағыттарын қамтиды.
Орталық үш бағытта қызмет көрсетеді: телемедицина — аудан тұрғындары үшін қашықтан кеңес алу, медициналық ұйымдардың қызмет сапасын цифрлық бақылау және PACS жүйесі — жасанды интеллект негізіндегі радиологиялық зерттеулердің (рентген, КТ, МРТ, ультрадыбыстық зерттеу) нәтижелерін сақтау және жіберу. Бұл жүйеге облыстың барлық ірі медицина ұйымы қосылған.
Биыл маусым айынан бері аталған орталықта 188 телемедицина арқылы бейнекеңес өткізілген. Оның ішінде ересектерге (18 жастан жоғары) қатысты — 85, жасөспірімдерге (15-17 жас) қатысты — 8, 1-15 жас аралығындағы балаларға қатысты 69 және бір жасқа дейінгі нәрестелерге қатысты 26 кеңес берілген. PACS жасанды интеллект жүйесі аудандық ауруханаларды қоса алғанда аймақтағы30 медицина мекемесіне орнатылған.
Облыс әкімі Асхат Шахаров орталықтың жұмысымен танысты. Ол мұндай орталықтың ашылуы облыста цифрлық медицинаны дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті.
— Президенттің тапсырмасына сәйкес еліміз алдағы үш жыл ішінде толықтай цифрлық мемлекетке айналуға тиіс. Бұл бағытта облысымызда ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Оның ішінде, ең алдымен, медицина саласын толық цифрландыруды қолға алдық. Бұл жүйеге шамамен 3,8 миллиард теңге көлемінде қаржы жұмсалды. Цифрландырудың басты артықшылығы — қауіпті ауруларды ерте анықтау және бірінші сатысында тез арада ем алу мүмкіндігі. Мысалы, мамография саласы да осы жүйеге енгізіліп отыр. Сонымен қатар шалғай ауылдардағы науқастарға консультациялық көмек көрсету үшін телемедицина жүйесі іске қосылды. Бұл тек науқастарға ғана емес, ең алдымен, дәрігерлерге нақты ақпарат пен шешім қабылдауға көмектеседі. Телемедицина арқылы дәрігер мен науқас тікелей сөйлесіп, емдеу тәсілін талқылай алады. Бұл әдіс өте тиімді, — дейді облыс әкімі Асхат Шахаров.
Аймақ басшысы облыста медицина саласында цифрландыру мәселесі толық шешілгенін айтты. «Алайда бір орында тоқтап қалмаймыз. Жүйе әлемдік өзгеріске сәйкес үнемі жетілдіріліп отырады. Бұл бағытта компания техникалық қолдау көрсетіп, дәрігерлердің жұмысын жеңілдетеді. Жасанды интеллектінің көмегімен кейбір диагноздарды анықтау 34 пайызға дейін дәлдікті арттырып, дәрігердің шешім қабылдауына қосымша мүмкіндік береді.Президент тапсырмасынасәйкес тек медицинадағанаемес, барлықсаладацифрландырубасталды. Арнайыбасқармақұрылып, еңалдыменқауіпсіздіксаласынабасымдықберілуде. Жол, қоғамдықорындардағықауіпсіздікмәселесі толыққамтылатынболады. Соныменқатаржаңақұрылғанминистрлікпенбірлесіп, барлықсаладацифрландырудыжүйелітүрдежүзегеасыружоспарланыпотыр», — деді облыс әкімі.
Облыстық көпсалалы аурухана жанындағы ситуациялық орталықтың жетекшісі Клара Мәкенованың айтуынша, орталықтың негізгі мақсаты — облыстың шалғай өңірлеріндегі халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, сондай-ақ басым бағыттар бойынша медициналық қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізу. Бұл бағыттарға нефрология, гастроэнтерология, ревматология, неврология, эндокринология және басқа да терапиялық мамандықтар жатады.
— Қазіргі таңда біз онлайн-медицинаны енгізу бойынша пилоттық жоба аясында ситуациялық орталықтың жұмысын сынақтан өткізіп жатырмыз. Басты міндет — телемедициналық кеңес беруді қашықтан ұйымдастыру және жүргізу. Қазіргі кезде біз Шалқар ауданымен жұмыс істеп жатырмыз. Бұл — Шалқар аудандық ауруханасы, үш ауылдық дәрігерлік амбулатория және үш фельдшер-акушер пункті. Осы бағытта биыл 15 қыркүйектен бастап белсенді жұмыс жүргізілді. Осы уақыт аралығында 32 телемедицина қызметі көрсетілді, соның ішінде нақты уақыт режимінде 11 дәрігерлік кеңес өткізілді. Оның ішінде консилиумдар да бар. Ең көп сұранысқа ие болған мамандықтар — неврология, нефрология, гастроэнтерология, кардиология және эндокринология. Сонымен қатар 21 кешіктірілген (отложенные) кеңес берілді. Бұл — ЭКГ мен КТ зерттеулерінің нәтижесін талдау. Осы мақсатта PACS жүйесі пайдаланылды. Пилоттық режимде қашықтан қызметті 27 пациент пайдаланды. Қызметті күту уақыты 3 сағаттан 17 сағатқа дейін болды,— деді ол.
Клара Мәкенованың айтуынша, орталықтағы жасанды интеллект тек PACS жүйесі шеңберінде қолданылады және ол рентгенолог-дәрігерлердің көмекшісі ретінде жұмыс істейді.
— Жасанды интеллект дәрігердіңорныналмастырмайды. Ол тек күмәнтудыратынтұстарғаназараудартып, рентген-суреттердегімүмкінпатологиялықөзгерістердікөрсетугекөмектеседі. Нақтышешімді,яғнибұлөзгерістердің ауру белгісінемесеқосымшатексеруқажетекенінтек дәрігердіңкәсібибілімі мен тәжірибесіанықтайды. Сондықтан, жасанды интеллект қолдауқұралығана, — дейді Клара Мәкенова.
Жоба жетекшісі Ринат Сәрсенбаев та облыс әкіміне PACS жүйесінде қолданылып жатқан жасанды интеллектінің мүмкіндіктері туралы баяндады. Оның айтуынша, бұл технология диагноз қоюда дәлдікті арттырып, медициналық шешімдерді жедел қабылдауға жағдай жасайды.
Қазіргі таңда орталықта төрт маман қызмет істейді. Олар — орталық жетекшісі, келіп түскен өтініштердің шұғылдығын анықтап, қажетті маман иесін белгілейтін дәрігер-үйлестіруші, кеңестер мен мәліметтерді тіркеп, статистика жүргізетін медициналық тіркеуші, сондай-ақ технологиялық процестерді қамтамасыз ететін IT-маман.
Арайлым НҰРБАЕВА.



