Спорт

Папа, мама және мен…

Өткен аптада Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда Халықаралық отбасы күніне орай  жарыс өтті. Аталған сайысты қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі ұйымдастырды.

Байқауға қатысқан отбасылар түрлі спорттық жарыс бойынша сынға  түсті. Әр отбасы мүшелері өздерінің спортпен шұғылданатындарын көрсете білді. Мәселен, балдырғандар шығыршық айналдырса, ата-аналар жүгіріп, гір тасын көтерді. Жарыстың соңында Құлаевтар отбасы жеңімпаз атанды. Жеңімпаз отбасыға  бағалы сыйлық пен мақтау қағазы табыс етілді.

Қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Жанболат Дәрімбетов бұндай сайыстың алғаш рет ұйымдастырылғанын, алдағы уақытта  жалғасын табатынын айтты.

Асхат ҚАЛЖАНОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button