Экономика

2009 жылдың І тоқсанындағы облыстың қаржы нарығындағы жағдай туралы

1. Инфляция. Ақтөбе облыстық статистика басқармасының деректері бойынша, 2009 жылдың наурызында өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда инфляция 101,3%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары – 1,0%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 2,6%-ға, ақылы қызмет көрсету 0,4%-ға қымбаттады.

2. Облыстың қаржы жүйесі. 2009 жылдың 1 сәуірінде облыста екінші деңгейдегі банктердің 16 филиалы және облыс аудандарында «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның 6 басқармасы қызмет істейді. Одан басқа банк филиалдарының 101 құрылымдық бөлімшесі бар. 145 айырбастау пункті тіркелген, оның ішінде 131-банктердің, 14-і уәкілетті ұйымдардың айырбастау орны.

3. Депозит нарығы. 2009 жылдың 1 сәуірінде депозиттер бойынша қалдықтың жалпы көлемі 2009 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 16,5%-ға арта отырып, 80,6 млрд. теңгені  құрады.

Депозиттер құрылымында тарту мерзімі бойынша қысқа мерзімді депозиттер 32,1%-ға, ұзақ мерзімді депозиттер 1,4%-ға өскен. Қысқа мерзімді депозиттердің ішіндегі заңды тұлғалардың шотындағы қаражат қалдығы 43,9%-ға өскен, жеке тұлғалардікі керісінше 3,9%-ға төмендеген. Ұзақ мерзімді депозиттердегі  жеке тұлғалардың шоттарындағы қалған қаражаттары 2,4%-ға көбейсе, ал заңды тұлғалар бойынша керісінше 24,4%-ға азайған.

Депозиттердің басым бөлігін – 59,7%-ын ұлттық валютадағы депозиттер құрады, бірақ өткен жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда 16,2%-ға немесе 4,4 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Шетел валютасындағы депозиттер 16,2%-ға  немесе 15,8 млрд. теңгеге дейін көбейіп, нәтижесінде шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы 24,1%-дан  40,3%-ға дейін өскен.

2009 жылдың наурыз айында 2008 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда депозиттердің орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі 3,6%-дан 8,7%-ға дейін өскен,  тиісінше шетел валютасында 1,7%-дан 7,8%-ға дейін, ұлттық валютада 5,5%-дан 9,6%-ға дейін өскен.

4. Несие нарығы. Банктердің облыс бойынша несиелік портфелі жыл басынан 1,5 %-ға өсіп, 173,0 млрд. теңгені құрады.

Ұлттық валютада берілген несиелердің 54,8%-ға азаюымен қатар, олар бойынша берешектер де 4,9%-ға немесе 127,1 млрд. теңгеге дейін төмендеген. Шетел валютасындағы  несиелер бойынша керісінше, олардың 18,3%-ға көп берілгендігінен несиелік берешектері де  25,1%-ға немесе  45,9 млрд. теңгеге өскен. Нәтижесінде есепті тоқсанда теңге бойынша берілген несиелердің үлес салмағы 78,5%-дан 73,5%-ға дейін төмендеген.

Несие беру мерзімі бойынша несиелер құрылымында қысқа мерзімді несиелер 4,5%-ға кеміді, ұзақ мерзімді несиелер 2,5%-ға өсті. Нәтижесінде ұзақ мерзімді несиелердің үлес салмағы 85,9%-дан 86,7%-ға дейін өскен.

Несие алушылар бойынша несиелердің негізгі бөлігі – 58,4%-ы жеке тұлғалардың еншісінде, жыл басымен салыстырғанда берешектер 0,04%-ға өсіп, 101,0 млрд. теңгені құрады. Заңды тұлғалардың несиелері 72,0 млрд. теңгені құрай отырып, 3,7%-ға өскен.

Салалар бойынша – экономиканың басқа салалары (14,0%), сауда (62,5%), құрылыс (14,8%) тәрізді салаларына барынша белсенді түрде несие беріліп отырған.

Есепті кезеңде облыстағы банктер арқылы 22,0 млрд. теңге несие берілді, ол өткен кезеңмен салыстырғанда 43,7%-ға кем. Жалпы, берілген несиелердің ішінде 30,8% немесе 6,8 млрд. теңге шағын кәсіпкерлікті дамытуға берілді, олардың банк алдындағы бережақтарының көлемі 2,2%-ға өсіп, 38,1 млрд. теңгені құрады.

2009 жылдың наурызында орташа өлшемді сыйақы мөлшерлемелері теңге бойынша берілген несиелерде 15,1%-дан 15,4%-ға дейін өсті, ал шетел валютасындағы несиелер бойынша 14,4%-дан 14,9%-ға өскен.

5. Валюта нарығы. 2009 жылдың I тоқсанында валюта айырбастау пункттері арқылы негізгі (АҚШ доллары, евро және ресей рублі) шетел валютасымен операциялардың көлемінің төмендеу үрдісі байқалды.

Ағымдағы жылдың есепті тоқсанында АҚШ долларын сатып алу көлемі 24,0 млн. құрап, 9,0% -ға азайды, ал сату көлемі 125,6 млн. құрап, 12,5%-ға төмендеді.

Еуропа валютасына ұсыныс 46,9%-ға төмендеп, 2,2 млн.  болса, ал сату көлемі 47,2%-ға төмендеп, 10,3 млн. құрды.

Ресей рублін сатып алу және сату көлемі 107,8 және  233,3 млн. құрап, 53,4% және 32,2%-ға төмендеді.

6. Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингі. 2009 жылдың 1 тоқсанында 78 кәсіпорынға мониторинг жүргізілді, оның ішінде қатысушылардың негізгі бөлігі – өнеркәсіп кәсіпорны (41,0%), сауда және жөндеу қызметі (29,5%), жылжымайтын  мүлікпен, жалдау және қызмет көрсету операцияларымен айналысатын кәсіпорындар (11,5%), құрылыс (10,3%).

Мониторингке қатысушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі өнім сатудан (жұмыс, қызмет) түскен пайданың 184,7 млрд. теңгеден 138,4 млрд. теңгеге  дейін немесе 25,0 %-ға төмендегенін  көрсетті. Өнім сатудан түскен пайданың негізгі үлесі өндіруші кәсіпорындарында – 54,3% (75,1 млрд. теңге), өткен тоқсанмен салыстырғанда үлес салмағы 7,4 п.п. немесе 11,5 млрд. теңгеге азайған. Өңдеу өнеркәсібі бойынша өнім сатудан түскен пайданың үлес салмағы 32,6%-ды (45,1 млрд. теңгені) құрады, бұл өткен тоқсаннан 6.4 п.п. немесе 27,0 млрд. теңгеге аз, сонымен қатар барлық кірістің 9,5%-ы (13,2 млрд. теңге) «сауда, автомобиль, тұрмыстық бұйымдар және жеке пайдаланатын заттарды жөндеу» саласына кіреді, алдыңғы ұқсас саладан кемуі 0,5 п.п. немесе 5,4 млрд. теңге құрайды.

Негізгі көрсеткіштердің теріс өзгеруі қатысушылар санының кемуіне байланысты сондай-ақ кәсіпорындардың пікірінше, дайын өнімге деген сұраныстың және бағаның төмендеуіне байланысты болды.

Мониторинг қорытындысы көрсеткендей, диффузиондық индекске деген сұраныс 34,0%-ды құрады (алдыңғы тоқсанда – 46,9%), бірақ мониторингке қатысушылардың пікірінше, 2009 жылдың 2-тоқсанына сұраныстың көтерілетіндігі күтілуде.

Дайын өнімге деген бағаның төмендегенін белгілеген кәсіпорындардың саны 2008 жылдың 4-тоқсанындағы 23,5%-дан 24,4%-ға дейін көтерілді. Нәтижесінде дайын өнімге бағаның өзгеру индексі  42,6%-дан  50,0%-ға дейін көтерілді.

Есепті  тоқсанда теңге бағамының долларға, евроға және рубльға қатысты әсері бойынша шаруашылық қызметіне оң жағдайы ықпал еткендігін тиісінше 15,4%, 14,1% және 12,8% мекемелер саны көрсетті. Теңге бағамының шетел валютасының бағасына өзгеруі теріс ықпал еткендігін тиісінше 38,5%, 29,5 және 33,3%  атап өтті.

Тоқсан ішінде 11,5% мекемелер несие алды. Теңгелей несиелердің пайыздық ставкасы 13,8%-ды, ал шетел валютасындағы – 11,0%-ды құрады. Несие мерзімі теңге бойынша – 13 айға, шетел валютасы бойынша 42,3 айға берілген. Мониторингке қатысушы кәсіпорындардың пікірінше, теңге бойынша тиімді пайыз – 13,0%, ал шетел валютасы бойынша – 10,4%.

Несие бойынша берешегі бар мекемелердің үлесі 43,2%-дан 38,5%-ға дейін кеміді.

Ағымдағы тоқсанда кәсіпорындар пікіртеріміне қатысқандардан меншікті қаражат есебінен айналым қаражатын қаржыландырған – 79,5%, негізгі құрал-жабдықтар  есебінен – 59,3%. Айналым қаражатын қаржыландыру үшін несие алған кәсіпорындардың үлесі 21,0%-дан 9,0%-ға дейін төмендеді, ал негізгі құрал-жабдықты қаржыландыру үшін несие алған кәсіпорындардың үлесі 7,4%-дан 9,0%-ға дейін өсті.

«ҚР Ұлттық Банкі» ММ Ақтөбе филиалы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button