Мәдениет

Ақтөбе аспанында Шәмші әндері әуеледі

Шәмші — 95

Ақтөбе қаласында қазақтың ұлы композиторы, қазақ вальсінің королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай бірқатар мәдени іс-шара ұйымдастырылды.

Алдымен қаланың Әдебиет аллеясында композитордың рухына тағзым етіліп, ескерткішіне гүл  қойылды. Салтанатты рәсімге қала әкімінің орынбасары Әсет Оралбаев пен «Ән аға — Шәмші» қоғамдық қорының төрағасы Бақыт Физзатов қатысып, Шәмшінің қазақ музыкасына қосқан өлшеусіз үлесі мен өнердегі мәңгілік мұрасы туралы жүрекжарды ойларын ортаға салды. Шара әрі қарай ретро фестивальға ұласып, қала тұрғындары мен қонақтары сүйікті әндер әуенімен тербелді. Қазақтың жанына жақын,  ел сүйіспеншілігіне бөленген әндер саябақ төрінде шырқалып, әсем кештің ажарын ашты. Кеш барысында «Ақмаңдайлым», «Теріскей», «Қаракөз», «Өмір өзен», «Шынарым», «Қайдасың», «Сыған серенадасы», «Қайықта» секілді халық сүйіп тыңдайтын туындылар орындалып, көрермендер сүйікті әндерін бірге шырқады.

Фестивальға «Әлия гүлі» , «Атамекен — Асылым» ардагерлер ансамбльдері мен «Жаңа KZ» тобы, Ақтөбе вокалды-аспаптар ансамблі және белгілі өнер жұлдыздары мен жас таланттар қатысты.

Мәдени іс-шара тек Триатлон саябағында ғана емес, қаланың Арбат алаңы мен «Денсаулық» саябағында да жалғасын тапты.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button