Спорт

Үстел теннисінің үздігі

Ырғыз гимназиясындағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әнуарбек Спановтың дайындаған шәкірттері бүгінде түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлдегер атанып жүр.

Еңбек жолын Ақши ауылынан бастаған Әнуарбек бүгінде өз ісінің шебері. Ол үнемі аудандағы қоғамдық-мәдени, спорттық шаралардың басы-қасынан табылады. Дене шынықтыру пәнін түрлі әдіспен өткізетін жас маманның сабағына оқушылардың қызығушылығы да жоғары. Соның арқасында оның дайындаған шәкірттері спорттың әр түрінен жүлделі орындарға қол жеткізіп жүр.

Әнуарбектің өзі де спорттық шараларға қатысудан тайсалмайды. Өткен жылы үстел теннисінен облыс чемпионы атанды.

Қазір жастардың үстел теннисіне деген қызығушылығы жоғары. Спорттың бұл түріне жастарды көбірек тартып, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын сақтауға шақыруымыз керек, — дейді жас маман.

Жас спортшылардың қалыптасуына өзіндік үлесін қосып,  тынымсыз еңбек етіп жүрген Әнуарбек өнерден де құр алақан емес. Ол — көңілді тапқырлар клубының ойыншысы әрі белсенді мүшесі. Қоғамда орын алатын келеңсіз жайттарды әзіл-қалжыңы аралас сөздермен көрерменге жеткізе білетін Әнуарбектің алдына қойған жоспарлары көп.

Ұжымда беделді, өзгені сыйлау арқылы өзін де сыйлата білетін жас маманның болашағынан әріптестері зор үміт күтеді.

Руслан ҰЗАҚБАЕВ,

Ырғыз гимназиясы директорының тәрбие

ісі жөніндегі  орынбасары.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button