Білім

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде

Жақында ҚАЖ Комитеті Ақтөбе облысы бойынша басқармасының ұйымдастыруымен мекемелер арасында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты семинар-кеңес өткізілді. Семинар аясында «Үздік аударма» және «Үздік құжат» аталымы бойынша сайыстарға өзге ұлт өкілдері, ал «Үздік оқытушы» аталымы мекемелердің қазақ тілі мұғалімдері қатысты.

Бұл шараға КА-168/2 мекемесінен «Үздік аударма» аталымына мекеменің психиатр дәрігері Андрей Пак қатысып, құжаттарды сауатты аударуды жүзеге асырып, өзінің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін дәлелдеді. Сайыста А. Пак «Үздік аударма» аталымы бойынша 3-орынға ие болды.

«Үздік құжат» аталымында мекеменің психологі С.Шаденова мемлекеттік тілде құжат толтыруда өзінің сауаттылығын көрсетіп, 3-орынға иемденді.

«Үздік оқыту» аталымына мекеменің мемлекеттік тілге жауапты маманы Ж.Мусина «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты ашық сабақтың үлгісін көрсетті. Сабақта қазақ халқының мәдени құндылықтарын насихаттау, патриоттық ұмтылыс, сөйлеу мәдениеті, жұртшылық алдында өзін-өзі ұстай білуі, оқытудың тиімді тәсілдерін тартымды да қызықты көрсете білді. Сайыста «Үздік оқыту» аталымы бойынша Ж.Мусина «Үздік оқытушы» атағына иемденіп, 1-орынды иеленді.

ҚАЖ Комитеті Жамбыл облысы бойынша басқармасының оқу орталығында оңтүстік және батыс аймақтар бойынша өтілетін өңірлік семинар-кеңеске жолдама алған «Үздік оқытушы» атағын иеленген Ж.Мусинаға сәт-сапар тілейміз.

Келесі күні, мамыр айының 6-сында Ұлы Жеңіс күніне қарсы Қылмыстық атқару жүйесінде жас қызметкерлер «Ант» қабылдады. Мерекелік шара ҚАЖ Комитетінің басқарма бастығының орынбасары әділет полковнигі Ш.Ықыласовтың басшылығымен өткізілді.

Ант қабылдау рәсіміне соғыс ардагерлері, еңбек ардагерлері, ҚАЖ Комитеті басқармасының бастығы, мекеме басшылары және қызметкерлері қатысты.

КА-168/2 мекемесінен 11 қызметкер ант қабылдады. Ант қабылдау рәсімі өткізіліп болғаннан кейін жас қызметкерлер әскери шерумен өтті.

Н.САПАРҒАЛИЕВ,

КА-168/2 мекемесінің әскери

және қызметтік дайындығы

бойынша маман нұсқаушысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button