Мәдениет

22 ардагер шақырылды

«Ешкім де ұмытылмайды». Кеше Ақтөбе қаласындағы №17 орта мектепте өткен шара осылай аталады.

Кездесуге мұғалімдер, оқушылар мен мектептің ардагерлері қатысты.

Алдымен қалалық әкімдіктің өндірістік сала мониторингі бөлімінің бас маманы

Е. Еламанов жиналғандарды мерекемен құттықтап, ардагерлердің әрқайсысына 10 мың теңге ақша және сыйлық табыс етті. Одан кейін сөз алған мектеп директоры  Алима Аманжолқызы да жиынға қатысушыларды 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Шараны ұйымдастырудағы мақсат – оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Кездесуге 22 ардагерді шақырғанбыз. Дегенмен түрлі себептермен қарияларымыздың біразы келе алмай қалды. Шараға қатыспаған ардагерлердің сыйлықтарын үйлеріне апарып береміз, – дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әлия Құлмағамбетова.

Шара соңында  5-11 сынып оқушылары концерт қойды.

Г. БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button