Құндыз ЖҰБАЕВА

Құндыз Жұбаева 1992 жылы Байғанин ауданы, Кемерши ауылында дүниеге келген.
2014 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің филология факультетін тәмәмдаған.
Өлеңдері студенттік кезінен бастап республикалық басылымдарда жарияланып, «Бәйшешек», «Жауқазын жылда гүлдейді» атты жас ақындар жинақтарына енген.
2019 жылы «Сағыныш хаттары»атты кітабы жарыққа шықты.
Ерке Жем
Беу, Ерке Жем,
сағынышым ең ыстық,
Өз кеудемді өзім қалай жеңейін?!
Топырағыңнан,толқыныңнан уыстап,
Көкiрегiме себейін.
Сөнер ме екен, бұл сағыныш сонда бір,
Сенде алаңсыз тасып ал.
Көңілімнен көшпей жүрген жорға-мұң,
Шайқалар да басылар.
Салмағыңды сездірмесең қайтеді?
Әй, Сағыныш,
қашықтамас Жемменен.
Толқынымен жарысқан ем….
әйтеуір,
Озам шауып өрге мен,
Мен өтемін кермеден.
Сен де Ұлысың менің туған анамдай,
Сен де адалсың, сағынышым— сары мұң.
Сен арқылы сонау құйттай даламды,
Шексіз сүйдім…
Сағындым.
Беу, Ерке Жем,жетерме екем бағаңа?
Сағыныш па? —
Басылар…
Сылдырыңа мендік жүрек садаға,
Сағынта түс, тасып ал.
Мен шыдармын….
***
Адам деген аты қалды демесең…
Аярлармен күні бойы егесем.
Және өзім біреуі;
Қойғаным жоқ жүрегіме гүл егіп…
Оны ойлайтын сәт те жоқ,
Ал өзіме ақша керек, бақ керек.
Енді қайдан Мейірім?!
Түйірі —
Мен де Адаммын дер едім,
Тек…қарбалас Тіршіліктен көремін.
Жазған басқа сезім-арзан, бұйым ба Ой?
Мына біздің қоғамда —
Қаталдықтан Жүрегіңді,
Жаныңды…аршып алу қиын ғой…
***
…жоғалғым келген Сәттердің,
Сатқыны екем —
Кім десең?!
Сен қайдан бірақ, біліп ең?!
Жалғыз да қалдым,
Сенімнен ада…
Күн кешіп,
Қайрансыздығыма күліп Ел.
Е, мейлі…дедім,
Кім қалай танып,
біледі…
Өзімше өмір сүремін.
Айдың жарығы секілді-ау адам жүрегі,
Жылусыз — жарық;
Нұры — Өлі.
Кетуі — Ғайып пендеше,
Келуі — Жаңа.
Тек қара түнге сіңбес ем.
Шүберектердің шеруі ғана —
Бұл Өмір —
бұл Көше!
***
Неткен төзім, неткен төзім шынар түп,
Бiр үміттi күткен болып күн арты,
Сiздi қимай,
Тағы алданам Өзiме,
«…Ол да Мұңнан қашық емес шығар…» — деп.
Мен сүйiнген Сөздi бiреу ұғар деп,
Жанарыңыз бiреудi өртеп тынар деп,
Мұң үрлеген қырық құрақ көңілге,
Қызғаныштан қырық атан жүк артып,
Сiздi ақтаймын…
Тағы алданып Өзiме,
«Сағыныштан қашық емес шығар» деп…
Жер де орнында,
Сiз барда — Аспан, мынау Көк…
Тас басында таудай сезім мұнартып,
Тебiренсе…
«…қырық құрақ көңілден,
Қауызына көбелектің қанатын,
Қондырмастан солып кеткен гүл артық»
— дей алмаған,
Осы хұсни жүрекпен,
Сiздi ақтаймын,
«Сүйсе… сүйген шығар» деп…
***
Жаным ада —
Жазғырудан, кектен де,
(Жарамды осып кетсе-дағы көп пенде…)
Сырты бүтін, іші дүлей бүлік боп,
Қала берем…
Сабыр дейтін серт менде.
Бар шаттығын төксең де үйіп ғаламның,
Бір Үмітті жалғай алмай Көктемге —
Кейде бар ғой…
амал таппай қаламын —
Жалғыздықта,
Жан ауырып кеткенде…
***
Түп-түзу жол көрсетіп,
Тұйықта Ес алдайды.
Бұл менің жолым емес,
Жүрмеймін,баса алмаймын.
Бұл жолда болу керек,
Құлаған іздерім де.
Құрбылар жүру керек,
Мұңы бар көздерінде.
Қуанған кезім қайда,
Кеудеңнен көкке ұшардай?
Өртенген өзім қайда?
Құлаштап от құшардай.
Бұл менің жолым емес,
Бар еді белесі оның.
Əй, ақыл, көрсетпейсің,
Көзіме неге соны?
Белес — ол, асу қиын,
Арыңды белден басып.
Қай тасқа соғылмады,
Өзіңсіз жүрген басым.
Бұл менің жолым емес,
Қалайша сынағаның?!
Төгілген жасым қайда —
Төгілген күнəларым.
Түп-түзу жол көрсетіп,
Тұйықта Ес алдайды.
Бұл менің жолым емес,
Жүрмеймін, баса алмаймын.
***
…Қайырмасына қосылып сан ұққан әннің,
Сағаттай соғып тұрам да, тынып қаламын.
Сүюдің тілін білгенше… өкініш, қайғы,
Көбелектейін құштары-ай Жарыққа жанның.
Тұнығына тас лақтырып алып Ғаламның,
Біреудің көрсем Тірліктен қамыққан жанын.
Егіліп қайтем?!
жаумай-ақ тарқап кететін,
Көңілшек бұлттай келеді қалыпқа бәрі.
***
Не деу керек мұндайда?!
Сұрақ?
Жауап?
…еш білмен.
Сөйлемеуге болмай ма?
Сөз күтпеймін ешкімнен.
Қара жерге тіл бітсін,
Құшағында көп қауым —
Елең қылмай жатыр-ау,
Жер үстінің жоқтауын.
Көк аспанға тіл бітсін,
Көргенінен танбасын.
Кері тартып жүрген кім?!
Тіршіліктің арбасын?!
Не деу керек мұндайда?!
Сұрақ?
Жауап?
…еш білмен.
Білмеген соң ақыры,
Үнсіздікке көштім мен.
***
…Жерiне бергенге жат болмақ досы да;
Жатбауыр жалғанға несiне күйiнедi екем?!
Мен ылғи Көздер мен Сөздердiң қасынан,
Жанымды өксiтiп…
жымиып өтем.
Өте шық…
Қаласаң, өзiмшiл бол тағы;
Күлiп өт,
көлденең Жандарға ол да Сын.
Онсыз-ақ бiлемiз;
Құдайға күнәлi —
Сезімнiң…
Адамға аяулы болмасын…
Биіктігім…
Түндердің сүйем, мұңлықтан қалған мұрасын,
Тірлікті сүйем, жүзіне қайралдым, расы.
Махаббат ажал секілді…
Мезгіл күтпейді
«Шараптан емес… Шаттықтан айналды басым».
Жанарға жиып алдым да сағымның бәрін,
Тағы да тағыеріксізсағындым, жаным.
Сезімніңөрлепдәлмендейбиіктігіне
Дәлмендейтыңдапжүрмісің,Табылдыңәнін?
Айды да өбіп, Күнді де, армандысүйе,
Жүрмісің, құрбым, сезімгеталғамдарие.
Кей кездемендейқамығыпқоштасуларда
Әлеккесалыпжүрмееді «Жалған-дүние»?
Жасудан, жаннан, тосыннанқайғырыпкөңіл,
Жатса да жарартосатынсайболыптұғыр.
Жаныңнанқалмайжүрейін, жарығым, бірсәт
Жазсаегербіргежүйткуді «Сәйгүлік-ғұмыр».
Күз келсе
Ғажабы бар екен нендей?
Жаныма жолдас-мұң еніп.
Күз келсе жүремін ылғи,
Біреумен қоштасқым келіп.
Жанарда — жастың дерегі,
Жаңа көшкендей жаз-қайғы.
Күз келсе жазғым келеді,
Бір өлең қоштасу жайлы.
Құмармын неге жүдеуге?
(Жүдеуден жек көрерім жоқ)
Күз келсе, бірақ біреуге
Кетеді өкпелегім кеп.
Жаңбырлы күздің мінезін,
Құямын жанымнан бөліп.
Күз келе қалса біреуді,
Тұрады сағынғым келіп.
Жапырақ жасы — мәңгі мұң,
Саябақ — саяқ мекенім.
Мен жалғыздардың барлығын,
Күз келсе аяп кетемін…
***
Бауырын жазбас бұлттардың,
Нөсер боп төгiлгенi үшiн;
Мұңы-зiл, сұлу шықтардың,
Мөлдіреп көрiнгенi үшiн;
Ұятын кеткен талақ қып,
Бiреудiң сатқан арына;
Үзiлген ерте сабақ гүл —
Сабақ гүл тапталғанына;
Әлдиiн келте қайырған,
Қанбасақ бесіктегi үнге;
Шарабы — соры шайырдың,
Көктемi кешiккенiне;
Кеудесi күншіл ғаламның,
Таңы атып, күнi сөнгенiне;
Көңiлi орта Ананың
көз жасы, күрсiнгенiне —
Бәрiне кiнәлiмiз…
Көктем шумақтары
Көңiлiмдегi көктемдi күткем…
Күткем…
Келмеді.
Қуанып қызыл көйлегiн кидi қыз бiткен —
Жердегі.
Гүл өспей жатып семгенi,
Сағына алмаса — ешкімiң.
Кеш, күнiм.
Көктем келді деп қуанды құрбым —
Көрмедiм,
Естiдiм.
Кiнәлi мен бе? Көктембе?
Көктемғой… (ел сенер…)
Шынжазықтыныңкiнәсi— өзгеде екен ғой,
Өкпелегiсi келсе егер.
Көп гүлдер өспес орнына өртең-қатенiң.
Қате ұғым,
Көктеммен сезім келмейді!
Өткен еридi!
Кешірiм — жалғыз аты Оның.