Құқық

Сауалдарыңызға заңгер Серік Жолдыбай жауап береді

Заң

Нақты келтірілген зиянды қалай өндіріп аламын?

— Менің көлігімді жол-көлік оқиғасы кезінде басқа көлік арттан түйіп жіберді. Сақтандыру компаниясы зиян мөлшерін 200 000 теңгеге бағалады. Ал нақты келгенде зиян мөлшері — 500 000 теңге. Жөндеуге кететін толық соманы қалай ала аламын?

Азат.

— Сақтандыру компаниясы белгілеген соманы қапаланбай-ақ алып алыңыз. Сосын көлігіңізді берілген соманың жетпеген бөлігіне өз қаражатыңызды қосып, жөндетіп алыңыз. Босалқы бөлшектерді, материалдарды сатып алғаныңыз және автосервис ұжымының қызметі үшін төлегеніңіз жөнінде түбіртектеріңізді ұқыптап жинай беріңіз.

ҚР Азаматтық кодексінің 924-бабына сай ерiктi немесе мiндеттi түрде сақтандыру тәртiбiмен өзiнiң жауаптылығын сақтандырған азамат келтiрiлген зиянды толық өтеу үшiн сақтандыру сомасы жеткiлiксiз болған жағдайда сақтандыру сомасы мен залалдың нақты мөлшерiнiң арасындағы айырманы өтейдi. Осы негізде нақты шығынның сақтандыру компаниясы төлемеген бөлігін борышкерден өндіру туралы, шығындарды растайтын құжаттарды қосып, сотқа талап арыз беріңіз.

 

Тыныштықты сақтау уақыты қандай?

— Сағат кешкі 11:00-ден кейін шулауға болмайды, тыныштық сақтау керек деген заң бар ма?

Әйгерім.

— ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 333-бабына сәйкес азаматтардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақыттағы (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, соның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шу шығаратын, шұғыл қажеттiлiгі жоқ жұмыстарды жүргiзу ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — онға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Айлық есептік көрсеткіш туралы айтсаңыз

— Айлық есептік көрсеткіш деген не? Оны кім бекітеді және қазіргі күнге қанша теңгеге тең?

Айдын.

 

— Айлық есептік көрсеткіш — ҚР заңдылығына сәйкес зейнетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру, сондай-ақ айыппұл санкцияларын қолдану, салық және басқа да төлемдерді (мысалы, мемлекеттік баж, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлердің салығын) есептеу үшін қолданылатын көрсеткіш. Ол еліміздің Парламентінің келесі және таяу болашақтағы жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңдарына сәйкес әрбір жыл үшін арнайы бекітіліп отырады. Атап айтқанда, 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіштің мөлшері 1618 теңге болып белгіленген. Ол биылғы жылға арналған өлшем болып табылады.

 

Шарттың мерзімін ұзартуға бола ма?

— Мерзімінің өтіп кеткеніне бір жыл болған тауар жеткізу туралы шартты ұзартуға бола ма? Және қай түрде рәсімдеуге болады: шарт мерзімін ұзартқан немесе мерзіміне өзгерістер енгізу туралы қосымша шарт жасасқан дұрыс па?

Абзал.

— Шарт күшінің мерзімін тараптар келісімі бойынша әр уақытта ұзартуға болады. Мұнда бастысы – тараптардың бір-бірімен келіспеушілігі болмауы керек. Келісуге байланысты келесідей әрекеттер жасауға болады:

Шартты жаңа редакцияда жасау;

Шарт күшінің мерзімі туралы қосымша шарт жасау;

Шарт күшінің мерзімін ұзарту туралы қосымша шарт жасау.

Мына телефондар бойынша хабарласуға болады:

тел.: 8 (7132) 51-04-13; 8-707 892 55 14

E-mail: sultan.ns@mail.ru

 

Басқа жаңалықтар

One Comment

  1. Ассаламалейкум. сизден акыл сурагым келеди? мен 25.04.2016 жылы ДТП жасап, сактандыру компаниясына соккан мишинамды документтеримди жасап жибердим. Соккан машинанын иелери меннен тагыда акша талап етип отыр.931бабынын 1 болигимен. сактандыру компаниясы оларга 523000 тенге толеген. мен не истеуим керек

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button