Білім

«Назеркедегі» мұз қалашығы

Ақтөбе қаласындағы №41 «Назерке» балабақшасында көптеген қызықты шаралар өтуде.

Әуелі балалар қыс мезгілі туралы өз ойларын қағаз бетіне түсірді. «Біз аққала жасаймыз», «Аяз ата — бізде қонақта» «Қысқы ормандағы аңдардың тіршілігі», «Алақай, қыс келді» «Қыс қызығы» тәрізді тақырыптармен әдемі суреттер салынған болатын. Балалардың суреттерінен «Қыс қызықтары» атты көрме ұйымдастырылды.

Ата-аналар мен балабақша қызметкерлері бірігіп, балалардың ойын дөп басқандай, қардан мұз қалашығын жасады. «Аққала», «Ұлу», «Жолбарыс», «Ертегідегі саңырауқұлақ», «Мерекелік торт», «Машина», «Шаян», «Аю», «Кірпі», «Тасбақа», «Киіз үй», «Тақия киген бауырсақ», «Құрт», «Жылан», «Гүлдер» тақырыбында көптеген әдемі бейнелер жасалынды. Мұз қалашығын жасауға көмектескен ата-аналар мадақталды.

Балалар қуанышында шек жоқ: олар аязға да қарамай, үйлеріне қайтқысы келмей, суретке түсіп, мәз болды. Бұл бейнелерге қызыққан бөгде адамдар да таң қалысып, суретке түсіп жатты.

Мейрамгүл САРИЕВА,

балабақша тәрбиешісі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button