Әдебиет

«Артық білім — кітапта…»

Ұлттық кітап күні

Осындай тақырыпта С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында кітап күні аясында апталықтың ашылуы өтті. Оған «Ақтөбе» газетінің бас редакторы Сәтжан Дәрібай, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе  өңірлік университетінің педагогика және білім берудегі менеджмент факультетінің деканы Абылай Каринов және кітапхананың белсенді оқырмандары қатысты.

Апталықтың ашылуында кітапхана директоры Гүлнар Сейталина оқырмандарды кітапханада өтетін іс-шараларға қатысуға шақырды.

Биыл елімізде алғаш рет 23 сәуірде Ұлттық кітап күні атап өтіледі. Бұған дейін кітапсүйер қауым бұл күнді дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні ретінде атаусыз қалдырмайтын. Іс-шараның мақсаты — қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Бүгінде облыста 233 кітапхана, 74 ауылдық модельдік кітапхана, 30 коворкинг орталығы жұмыс жасайды. Айта кетейік, бұл апталық еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылады. Бір қуантарлығы, кітапхана оқырмандары жыл сайын көбейіп, кітап оқитын жастардың қатары артып келеді. Қорда 80 мың кітап бар, — дейді ол.

Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Сәтжан Дәрібай өркениеттің оқудан, тәрбиенің оны миға тоқудан басталатынын айта келе, ұлттық құндылық, тіл мен діл,қазіргі қоғам туралы тұшымды ой қозғады.Ғасыр жасаған басылымның тарихына шолу жасап, оқырман қауымды оқудан қол үзбеуге шақырды.

Кездесудеұлттық әдебиетіміздің үздік шығармалары мен авторларын таныстыру мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде қазақ әдебиетінің классиктері мен қазіргі заманғы авторларының шығармалары ұсынылды.

Іс-шара барысында кітапхана оқырманы Айым Таңатар жиналғандарға жылдам оқу техникаларын үйретіп, ұдайы кітап оқу мидың белсенділігін арттыратындығын айтты. Сондай-ақ іс-шара қонақтары Ұлттық кітап күнінің маңыздылығына тоқталып, жастарды кітап оқуға баулу керектігін тілге тиек етті.

Кітапханаға кітап сақтайтын орталық емес, әлеуметтік орта деп қарауымыз керек. Бүгінде кәсіби ынтымақтастық құрылымдарда қоғаммен байланыс жасау, сонымен қатар кітап оқуды насихаттау мақсатында кітапханаларда ай сайын креативті іс-шаралар ұйымдастырылады. Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында ұйымдастырылған шарада жастарға ой саларлық дүниелер айтылды.Оқырман қауымоқыған кітабымен бөлісіп,өлең оқыды. Университетіміздің базасында креативті кітапхана бар. Мұнда студенттер бос уақытын тиімді өткізіп, жобаларын жүзеге асыра алады. Сондықтан жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, халқымыздың дүниетанымына сай рухани тәрбие беруді назардан тыс қалдырмауымыз керек, — деді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе  өңірлік университетінің педагогика және білім берудегі менеджмент факультетінің деканы Абылай Каринов.

Оқырмандарды кітап оқуға баулитын апталық 16-23 сәуір аралығында өтіп жатыр.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button