Мәдениет

Әскерилер марапатқа ұсынылды

Қаладағы тұрғындар қалашығы аумағында орналасқан ішкі әскерлердің №6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілері күн сайын қала көлеміндегі қауіпсіздікті күзетеді.

Өткен аптада кезекті жұмыстарында осындай бір топ 11-шағын ауданда «Әнуар» супермаркетінінің маңындағы «Анар» кафесінен шыққан от-жалынды байқайды.

Жақындап қараған олар кафенің шығыс жақ бөлігінің жанып жатқанын көріп, бөлімнің әскери наряд бойынша кезекшісі аға лейтенант Ә.Қайышовқа, содан соң облыстық ішкі істер департаментіне хабарласып, өрт шыққанын баяндайды.

Көмекке тез жеткен сарбаздар мен келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерден құралған жасақтар сол маңдағы көшеден жүргіншілерді уақытша өткізбей бақылауда ұстады.

Жүгіріп жеткен кіші сержант А.Кәрімов өртеніп жатқан жерден әйел адамды сыртқа шығарып, беті мен қолын тұмшалап алып, өрттің күшеюінің алдын алып, газ баллондарды да далаға алып шықты.

Осы кезде жоғары вольтті электр жүйесі от құшағына орала бастаған еді. Бұл сәтте өрт сөндірушілер де көмекке жетіп, өз қызметтеріне кірісті.

Өрттің өршуіне жол бермеген әскери қызметшілер Ішкі істер министрінің «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медаліне ұсынылды.

Салтанат ЕСМҰҚАНОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button