Тұмаудан сақтаныңыз!

Жедел респираторлы вирусты инфекция – адамна надамға ауа тамшылы және қарым-қатынас арқылы тарайтын жұқпалы вирусты инфекция. Аурудың басталуы жедел, бірнеше сағат ішінде дене температурасы 39-40 С дейін көтеріліп, бас айналу, әлсіздік симптомдары пайда болады.
Облыста 2024 жылдың 40 аптасынан бастап 2025 жылдың 4 аптасын қоса алғанда жедел респираторлы вирусты инфекциясының 176 597 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда аурушаңдықтың 1,1 есеге төмендеуі байқалды. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі64.7% немесе 114 387 жағдай.
Білім беру мекемелерінде респираторлы вирусты инфекциясының белгілері бар 2987 оқушы анықталды. Аурушаңдық көрсеткіші— 18 71,96.
Тұмау вирусына мониторинг жүргізу мақсатында ПТР әдісімен 2615 үлгі зерттелді, алынған үлгілердің ішінде 197 жағдайдан (7,5%-ы) тұмау анықталды.
Тұмау емес вирустарға 956 сынама жасалып, оның ішінде 42 үлгіден (4,39%)оң нәтиже анықталды. 2-еуі (4,7%) риновирус болса, 40-ы (95,2%) — аденовирус.
Пневмониямен ауруханаларға 367 науқас жатқызылды, олардың арасында 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі— 74,9%. Жалпы пневмониямен аурушаңдық көрсеткіші— 39,5.
Бүгінде тұмаудың алдын алудың ең тиімді және ғылыми негізделген әдісі — вакцинация.
Сондай-ақ тұмаудың алдын алуда мына ережелерді сақтаған жөн:
— өзін-өзі емдеумен айналыспау, дәрігерді үйге шақырту қажет;
— қоғамдық жерлерде бетперде қолдану қажет;
— таза ауада жиі серуендеу, саябақтарда жүру, тыныс алуды реттеу;
— жеке бас гигиенасын сақтау;
— бөлмені жиі желдетіп тұру;
— тамақтану барысында дәруменге бай өнімдерді тұтыну;
— денешынықтыру жаттығуларын жүйелі түрде жасау.
Райхан ҚОЙШАНОВА,
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық
Бақылау департаментінің басшысы.