Заң мен тәртіп

Есірткі жеткізушіге жеңілдік жасалмайды

Өткен жылы прокуратураның үйлестіруімен желілік полиция бөлімінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында он сегіз-он тоғыз жастағы жігіттер мен отыз жеті жастағы ер адам әртүрлі фактілер бойынша психотроптық заттар – «мефедрон» табылғаны үшін ұсталды.

Тергеу барысында, Telegram мессенджері арқылы барлық жігіт есірткі жасырушы болып жұмыс істей бастағаны және ол қызметі үшін тиісті сыйақы алғаны анықталды.

Олар бір жолғы жасыруға арналған орындарға есірткі орамдарын орналастыру арқылы «мефедронның» байланыссыз таралуына тікелей курьерлік қызметтер көрсеткен.

Барлық жағдайда жастар азғырылып, «жеңіл ақша» алуға бейсаналық қадам жасады, бұл үшін қатаң жаза міндетті түрде көзделген.

Тергеу нәтижелері бойынша Ақтөбе көлік прокуратурасы аса ауыр санаттағы 3 қылмыстық істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды сақтаған) бойынша сотқа жолдады.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен аталған азаматтардың барлығы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен бірге есірткіні «жасыру» есірткі заттарын өткізу тәсілі болып табылатынын және Қылмыстық кодекстің осындай қылмыстар жөніндегі бабының санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтінін түсіндіреміз.

Жастарды «есірткіні жасыру» сияқты қызметтер көрсеткені үшін 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін және кәмелетке толмағандардың ата-аналарын осы мәселеге тәрбиелік және профилактикалық мақсатта ерекше назар аудару қажет екендігін ескертеміз.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы (өткізу мақсатынсыз сақтау) есірткі құралдары мен психотроптық заттарды сақтағаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Осылайша «мефедронды», басқа да есірткілерді сатып алу және сақтау бас бостандығынан айыруды көздейтін қылмыс болып табылады. Көбінесе бұл оларға әсерін тигізбейді деп үміттеніп және толық ұғынбай, жастар есірткіге «жасыру» жасайды, ал құқық қорғау органдарында мұндай фактілерді әшкерелеуге күштер мен құралдар бар және бүгінде мыңдаған жас осындай қылмыстар үшін нақты бас бостандығынан айыру мерзімдерін алады.

Сондықтан да жастарымыздың өз өмірлерін, болашағын алдамшы қызыққа айырбастамай, мұндай соңы қиындыққа душар ететін дауасыз дерттен аулақ болғандары жөн екендігін айтқымыз келеді.

Ақтөбе көлік прокуратурасы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button