Білім

Бастауыштағы байыпты білім

Қазір мамандықтыңтүрікөп. Солардың ішінде адам өміріне жауаптыдәрігер мамандығына құрметіміз ерекше десек, жас буынның жүрегіне білім нәрін себетін ұстаздықтың да өзіндік орны бар.

Ұстаз болу —жай ғана мамандық емес,болашақтың бағдарын жасаушы. «Білім ғасыры» атанған бүгінгі заманда оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындады. Білім мен тәрбие негізі — бастауышта. Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуы — жас ұрпаққа қоғам міндеттеп отырған талаптарға жауап беретіндей тәрбие мен білім беру. Білім беруде жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың білімге деген көзқарасын, ынтасын арттыру мақсатында сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің үнемі ізденуіне, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдануына, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына тәуелді.

Әр мұғалім сабақ барысында білім берумен қатар, баланы тәрбиелеп те отыруы керек. Ізденіс, шын жанашырлық, мейірімділік, сүйіспеншілік секілді қасиеттер бастауыш сынып мұғалімінің бойынан табылуға тиіс қасиет болуы шарт.
Бастауыш білім — үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс. Оқушы тұлғасының қалыптасуы мен дамуы қарқынды жүретін маңызды буын — осы бастауыш саты. Балғындардың кейбірі дайындық сатысынан, ал кейбірі ата мен әженің құшағынан, кейбірі ата-анасының жалғыз еркесі болып мектептің бастауыш сатысының алғашқы баспалдағы 1-сыныпқа келеді. Алғаш рет колына «Әліппе» кітабын ұстап, оны қызығу мен таңдану аралас сәби саусақтарымен парақтап ашады, қолына қаламын алып, ақ қағаздың бетіне әріп жазады.

«Мұғалім не дер екен, бізге не айтар екен?» деген сұрақты әр баланың жүзінен оқуға болады. Дәл осы кезең — бастауыш сынып мұғалімінің үлкен сыннан өту сатысы.

Шәкірттерге үйрете жүріп, өзің де үйренесің, себебі әр баланы таныған сайын, оның жан әлеміне жақындаған сайын бір жаңалық ашқандай боласың.

Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын, танымдық белсенділігін, тіл үйренуге деген ынтасын арттыру үшін жаңа технологияларды қолдана отырып, инновациялық әдістермен жұмыс жүргізу керек. Қазір жаңа технологиялардыңтүрі көп. Бастауыш сынып оқушыларын қызықтыра оқыту көп нәрсені талап етеді.

Сабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді және формаларды қолдану маңызды. Әсіресе ойын технологиясын көп қолданғанжөн. Бұрынғы дәстүрлі сабақ балаға жазу-сызу, оқуды үйретуге ғана саятын болса, бүгінгі білім беру аясы мүлде басқаша. Ұстаз шәкіртіне ғылымнегіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, зкономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ал жаңашыл ұстаз қандай болуы керек?
Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл — әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.

Өмір көшінен қалмау, яғни білімі мен біліктілігін әрдайым жетілдіріп, жаңа инновациялық технологияларды меңгеріп отыру — мұғалім үшін міндет. Бұл ретте ұстазды әр баланың жан дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. Кез келген педагогтің ең басты қасиеті — шыдамдылық пен түсіністік. Педагог әрі мейірімді, әрі қатал болуы керек.

Педагогтік мамандық үшін адами қарым-қатынас орнатуға ерекше мән беріледі. Әр ұстаз  жұмыс жоспарын жасағанымен, барлығы қамтамасыз етілген сияқты көрінгенімен, бір нәрсені жоспарлай алмайды. Ол — бүгін шәкірттерім қуанып келеме, әлде көңілдерінде кірбің тұра ма деген сауал, оны әсте жоспарлау мүмкін емес.

Бұл арада мұғалім жанының кеңдігі, жүрек жылуы, көңіл көкжиегі қажет. Ұстазға керек шығармашылық ізденіс қажеттігі де осындай жайттардан туындайды.

Рауан АЛДАРИЗАЕВА,

Ж.Тәшенов атындағы

№68 жалпы білім беретін орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button