ПікірҚұқық

Цифрлық әділет: құқықтық сауаттылық және заң көмегінің қолжетімділігі

Әсел ИМАНҚҰЛОВА,
облыстық әділет департаменті сот орындаушыларының
қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы.

«Халықтың құқықтық сауатын дәйекті түрде арттырып, қоғам санасына адами құндылықтарды сіңірген жөн. Әрбір азамат өз сөзі мен әрекетіне заң тұрғысынан есеп беруге тиіс», — деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің бұл тапсырмасын орындау аясында Әділет министрлігі тұрақты негізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Былтыр «Халық заңгері», «Әділет кеңес береді», «Ашық есік күні», «Тегін заң көмегі күндері» акциялары жүзеге асырылды. Сондай-ақ еліміздің барлық өңірінде жалпы саны 100 000 мыңнан астам адамды қамтыған 1310 консультативтік-түсіндіру іс-шаралары өткізілді. Ауылдық елді мекен тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2000-ға жуық «Құқық кабинеттері» ашылды, олар аудандық, ауылдық клубтардың ғимараттарында, демалыс орталықтарында және басқа да «Egov» бұрыштарының базасында жұмыс істейді. Кабинеттерде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесі, «Заң» деректер базасы қолжетімділігімен, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге (e-otinish, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігімен толық техникалық жабдықталған.
Президенттің айтуынша, әрбір цифрлық реформа, әсіресе, заң көмегіне қол жеткізу шектелген шалғай аймақтардағы адамдар үшін неғұрлым қолжетімді сот төрелігіне жасалған қадам.
Еup.kz. сайты арқылы онлайн режимінде заң қызметтерін ұсынуға және алуға арналған «E-ZanKomegi» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды. Сондай-ақ азаматтар өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға бейнеқоңырау арқылы жауап алуға болатын «Zan Komegi» мобильді қосымшасы да қолжетімді. «Zan Komegi» жүйесінде 2000-нан аса адвокат пен заң кеңесшісі арқылы 472 мыңнан астам азамат білікті заң көмегін алды. Бұдан басқа бейнеқоңырау арқылы онлайн режимде мүлікті басқаруға қатысты сенімхаттарды қоспағанда, сенімхаттар мен ерлі-зайыптылардың келісімдеріне қатысты құжаттың барлық түрін алуға мүмкіндік беретін «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Бұл қызметті 176 мың азамат пайдаланды. Сонымен қатар заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында клиенттерді биометриялық сәйкестендіру қолданылады, өтініштерге қол қою кезінде QR-қол қою сервисі іске қосылады. Қызмет нәтижелері 24/7 режимінде EgovMobile «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді. Осылайша осы қызмет арқылы Қазақстан азаматтары нотариусқа бармай-ақ 168 мыңға жуық сенімхат пен ерлі-зайыптылардың 67,5 мың. келісімін заңды түрде ресімдей алды.
Тағы бір маңызды жетістік — «Сот орындаушысы роботын» енгізу. Мәселен,
20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақытылы төленбеген жағдайда, уәкілетті орган мәліметтерді жеке сот орындаушының қатысуынсыз іс жүргізуді қозғайтын «Робот» сот орындаушысына береді. Іс қозғалғаннан кейін азаматтар іс туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар EGov Mobile-да 1414-тен SMS және push-хабарлама алады. Сол арқылы азаматтар айыппұл сомасының 25 пайызын қосымша төлеуден және сот орындаушысына барудан босатылады, өйткені барлық әрекеттер онлайн режимінде жүргізіледі.
Цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 2,2 млрд.теңге сомасын құрайтын 109 мыңнан астам атқарушылық іс қозғалды. Азаматтардың пайдасына үнемделген қаражат мөлшері — 550 миллион теңге.
Биыл адамдардың өмірін цифрлық дәуірде жеңілдету және ыңғайлы ету, сондай-ақ уақыт пен қаражатты үнемдеу үшін әділет органдарының жұмысын жақсарту жоспарлануда. Негізгі өзгерістер:
• 2025 жылы 300 мыңнан астам азаматтың құқықтық сауаттылығын оқыту жоспары;
• Жасанды интеллек — «Әйтеке» көмекшісі- қарапайым заңгерлік кеңестер беруге және құжаттарды жинауға көмектесуге арналған чат-бот.
• Робот — сот орындаушысының құзыреті кеңейіп, ол айналысатын берешек мөлшерінің шегі 20-дан 40 АЕК-ке дейін артады. Бұл азаматтардың пайдасына жылына 12,2 млрд теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Осындай құралдар тәуліктің кез келген уақытында пайдалануға мүмкіндік бере отырып, қарапайымдылығымен, жеделдігімен және қолжетімділігімен ерекшеленеді.
Қабылданған іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтары мен міндеттерін мейлінше білуге ықпал етеді. Қызмет көрсетуді жеңілдету жұмысының нәтижесінде қазақстандықтардың уақыты мен қаражаты үнемделеді, аталған қызметтерді алудың қолжетімділігі мен ыңғайлылығы артып, сондай-ақ әкімшілік кедергілер жойылады. Бұл процесті неғұрлым ашық және тиімді етеді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button